Вокзал күтімінің кепілі

Сұхбат
16.04.2021, 18:15
Тараз теміржол вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл вокзал жөндеу жұмыстарынан кейін облыстық әкімшілік балансына берілмек. Еліміздегі басқа да вокзалдардың жай-күйі туралы Магистральдық желі дирекциясы директорының орынбасары Абай Досанов әңгімелеп берді. – Тараз теміржол вокзалын күрделі жөндеуден өткізу шең- берінде қандай өзгерістер болып, жұмыстар атқарылмақ? – Тараз теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстарын шымкенттік «Энергетик» кәсіпорыны жүргізеді. Жөндеу жұмысы алты айға созылмақ. Аталған мекемемен жасалған шартта қандай жұмыстар жүргізілетіні, мерзімі нақты көрсетілген. Жөндеу жұмысын қадағалаушы комиссия құрылды. Оның құрамына «ҚТЖ» ҰК» АҚ вокзал шаруашылығы өкіл- дері мен өңірдің әкімшілік сәулет бөліміне жауапты мамандар және облыс әкімінің орынбасары кіріп отыр. Вокзалға жөндеу жұмыстары барысында сыртқы қаптау, қасбетіне өзгертулер жасалады. Сонымен қатар вокзал ішіндегі бутиктер алынып, соның есебінен кассалар үлкейтіліп, саны көбейтіліп және де жолаушы- лардың күту залы кеңейтілмек. Су жеткізу және жылыту жүйелері жақсартылмақ. – Вокзал неліктен әкімшілік меншігіне берілмек? Бір кездері Ұлттық компания әкімшілік еншісінде біраз жыл болып, соның салдарынан қараусыз қалып, жағдайы өте нашарлаған вокзалдарды қайтарып алып, «бетін бері қаратты» емес пе? Осы жағдай қайталанбасына кім кепіл?! – Иә, ондай жағдайдың болға- ны рас. Бірақ, вокзал кірісі жоқ, шығыны көп нысан екенін естен шығармауымыз керек. Оның үстіне, 2014 жылдан бастап вокзалға қатысты тариф көтерілген жоқ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ өзін-өзі қаржыландырып отырған компания болғандықтан, вокзалдардың күтіміне көп қаржы керек. Ал бұл нысан облыс әкімшілігі меншігіне өткен жағдайда, ол облыс бюджеті есебінен қаржыландырылып, күтімі жасалынатын болады. Бұрынғы жағдай қайталанбай ма дейтін мәселеге келсек, ол кезде екі тарап арасында қандай да бір құжат жоқ болатын. Ал қазір Ұлттық компания мен әкімшілік арасында меморандум бар және ол құжатта вокзалды пайдалану, күтімін жасау пункттері қарастырылған. Сондай-ақ, вокзал ішін жалға беру, кіріс шарты да әкімшілікке беріліп отыр. Тек біз тасымалдауға қатысты технологиялық процесті ұйымдастыруға жауапты боламыз. Яғни, пойыздардың келіп кетуін хабарлау, анықтама-ақпарат беру, жолаушыларды отырғызу, мүгедек жандарды вагондарға дейін шығарып салу және перрондардың күтімі біздің құзырымызда қалады. Сондықтан меморандум – вокзал күтімінің кепілі болатын құжат. – Демек, келешекте барлық вокзал облыс әкімшілігі меншігіне өтпек пе? – Барлығы бірдей өтпейді. Неге десеңіз, жаңа айтып өткенімдей, вокзал – шығыны көп нысан. Сондықтан оны әкімшіліктердің де алғысы жоқ. Керісінше, әкімшіліктер еншісіндегі вокзалдарды бізге қайтарып беруге хат жазып отыр. Мәселен, Түркістан облысының әкімдігі Түркістан, Шым- кент вокзалдарына жөндеу жүргізіп, стандартқа сәйкестендіріп беріп, бізге қайтарғалы отыр. Біз келісуге мәжбүр болдық. Себебі, бұл өңір – халық көп шоғырланған өлке. Сондықтан облыстық бюджеттің қаржысы әлеуметтік көмек беруден аспай отыр. Жалпы елімізде әкімдік меншігінде жеті вокзал бар. Олар – Алматы-1, Алматы-2, Шымкент, Түркістан, Павлодар, Екібастұз және Ақсу вокзалдары. Соңғы үш вокзал әу баста әкімдікке берілген кезден бастап олардың меншігінде қалды. Бұл қалалардағы вокзалдарға әкімдік бақылауындағы қалалық «Вокзал сервис» АҚ мекемесі қызмет көрсетеді. – Вокзал шаруашылығы биылға қандай жоспар-міндеттерді алға қойып отыр? – Қазір барлық өңірде көктемгі байқау жүріп жатыр. Соның шең- берінде жазғы маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Биыл өткен жылдары қолға алған жоспарлы жұмыстар жалғасатын болады. Өткен жылы атышулы пандемияға қарамастан біраз жұмыстың басы қайырылған болатын. Мәселен, Жалаңашкөл станциясында жолаушылар платформасына жөндеу жүргізіліп, адамдарды жауын-шашыннан, күннің ыстығынан қорғап тұратын 9 павильон орнатылған болатын. Осындай жұмыстар Көктұма кентінде де жүргізіліп, онда 6 павильон орнатқан болатынбыз. Бұрын да айтып өткеніміздей, бұл екі елдімекенде жаз маусымында ғана Алакөлге баратын жолаушылар саны артады да, қыста ондай адам нөпірі болмайды. Сондықтан ол жерлерге вокзал салғаннан гөрі павильон орнатқан экономикалық жағынан тиімдірек болды. Үстіміздегі жылы мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп тұруына жағдай жасау бойынша жұмыстар жалғасын таппақ. Осы бағытта мүгедек арбасы, аспалы баспалдақ, индукциялық панель, тактильді-дыбысты мнемосхема сияқты тауарларды жеткізуге келісімшарттар жасадық. Сонымен қатар пандустар, билет кассалары, санитарлық торап- тарды қайта жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Вокзалдарға ағымдық күтімдер жасалмақ. Және де коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында вокзал ша- руашылығы қызметкерлері мен вокзалға келіп кетушілерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда.
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды