ҚТЖ-ның үздік инновациялық жобасы халықаралық «Digital Bridge» форумында таныстырылды

Жаңалықтар
01.11.2021, 09:52
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Era Lifestyle» тақырыбында өткен дәстүрлі «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумына қатысты. Үшінші рет өткізіліп отырған жиында Мемлекет басшысына «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Транстелеком» компаниясының бірлескен жобасы «Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесі» (ЭДТ АБЖ) жобасы таныстырылды. ЭДТ АБЖ – сервистік модель көмегімен енгізілген Қазақстанның теміржол желісіндегі ірі стратегиялық инвестициялық жоба. Бүгінде локомотивтік тартымның энергетикалық тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық цифрлық жоба игілігін теміржолшылар көріп отыр. Мемлекет басшысына әрбір локомотивті нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін жүйенің жұмысы жан-жақты таныстырылды. ЭДТ АБЖ көп деңгейлі жүйе болып табылады. Жүйе бірнеше секунд ішінде ағымдағы жылдамдық, нақты координаттар, резервуардағы отын көлемі және отын тұтыну режимі туралы ақпарат алуға көмектеседі және ол әрбір 5 минут сайын GSM желілері арқылы беріледі. Сонымен қатар әр сапардың нәтижелерін тіркеп, отын үнемдеу және нормадан тыс тұтыну сияқты нормадан ауытқуларды ескереді. Ал алынған мәліметтерді мамандар талдайды. Жобаны іске асырудың оң нәтижесін қарапайым мысалдан көруге болады. Мәселен, ЭДТ АБЖ жүйесі енгізілгенге дейін локомотив бригадасының жұмысын бақылап және есепке алуды машинист қағазға қолмен толтырып келді. Ауысым соңында машинист негізгі құжатты тапсырғаннан кейін, деректер бірнеше рет әртүрлі ақпараттық жүйелерге енгізілуі керек болатын. Ал бұл қосымша жұмыс әрі көп уақытты қажет ететін. ЭДТ АБЖ енгізілгеннен кейін локомотив бортынан деректерді және әртүрлі параметрлерді автоматты түрде жинау есебінен машинистің сапары туралы ақпаратты қолмен енгізу көлемі барынша қысқарды. Өйткені, теміржол желісіндегі барлық негізгі нүктелер бойынша ДЖБ (деректерді жинау және беру пункттері) орнатылған, машинистерге машинистің дербес сәйкестендіргіші болып табылатын ТЖМ (тасымалданатын жады модулі) берілген. Функционал енгізілгеннен кейін пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мәселелерінде қосымша бақылау пайда болды. Бүгінгі таңда ұлттық компаниядағы локомотив паркінің 94% осы жүйеге интеграцияланған. Локомотивтерді инновациялық жобамен жабдықтау бойынша жобаның инвестициялық фазасы 3 жылға созылып, 2012-2015 жылдар аралығын қамтыды. 2014 жылы – жүйенің бағдарламалық жасақтамасы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Ал 2020 жылы Транстелеком жүйеге тауар таңбасын тіркеуді жүзеге асырды.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды