Ұлттық компаниялардың басшылары кадрлық резервтегі жастармен кездесті

Жаңалықтар
11.04.2022, 16:06
Оқуға 4 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазіргі таңда елімізде Президенттік жастар кадрлық резервінде 300 адам бар. Бұл резервшілер 2019 жылы өткізілген конкурс нәтижесінде 13 мың үміткердің арасынан іріктеліп алынған. Өткен демалыста «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы осы жастардың бір бөлігімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қордың штаб-пәтерінде өткен жиында Жаңа Қазақстанның жылдам өзгеріп жатқан қазіргі заманғы жағдайына тез бейімделуге қабілетті, жоғары білікті кадрларға деген қажеттілігі сөз болды. Шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев қатысып, аталған резерв құрамындағы мамандар туралы мәлімет берді. Қор басшылығы резервшілер жобалары мен бастамаларын мұқият тыңдап, олардың сұрақтарына жауап берді.

– Жастар бойындағы күш-қуат – олардың артықшылығы. Сол күшті еліміздің дамуына дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Біз үшін қауіпсіздікпен қоса тиімділік мәселесі – басты тақырып. Сондықтан компанияда «Бизнесті трансформациялау» бағдарламасын қабылдап, оны жүзеге асыруға қызметкерлердің бір бөлігін теміржолдан, екінші бөлігін нарықтан алдық. Бізге өзгерістерге дайын, қабілетті жастар керек. Қазір бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, отынға үнемділік жобасы өз тиімділігін беріп, компанияда 10 млрд теңге қаржы үнемделді. Бұл – ғаламат сан. Осындай тиімді жобаларды ұсынатындарды сыйақымен ынталандыру да жолға қойылған, – деді басқарма төрағасы өз сөзінде. Ол сонымен қатар компания үшін тағы бір маңызды сала – ақпараттандыру орталығы екенін жеткізді. Теміржол алып компания болғандықтан оның қаржылық есебіне тек жасанды интеллект арқылы болмаса, басқаша талдау жүргізу мүмкін емес. «ҚТЖ-ға бір шетінен кіріп, екінші шетіне жеткенше зейнетке шығатын уақыт болады. Сондықтан оны есептеп, тексеруге тек цифрландыру арқылы ғана қол жеткіземіз. Сол себепті біз үшін қозғалыс қауіпсіздігінен кейінгі маңызды сала – цифрландыру», – деп атап өтті тағы да Н.Сауранбаев.

Президенттік жастар кадрлық резервіндегі маманның бірі Әлібек Шерияздан бүгінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалының телекоммуникация және байланысты дамыту департаменті директоры болып еңбек етеді.

– Технология күн сайын дамып жатқан бүгінгі дәуірде мамандығымды ең бір сұранысқа ие сала – телекоммуникация бағытынан таңдадым. Осы саладағы мемлекеттік кәсіпорындарда 9 жылдық тәжірибем бар. 2019 жылы он мыңнан астам үміткердің арасынан ПЖКР құрамына алынып, ре- зервшілер тізіміне ендім. Бұл – мемлекеттік басқару жүйесі және квазимемлекеттік секторда өз күшімді сынап көруге мүмкіндік берді. ҚТЖ-да жұмыс істеу – компанияның телекоммуникация және байланыс жүйесін одан әрі дамытуға үлес қосуға берілген мүмкіндік. Заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылым – компанияның цифрлы трансформация бойынша жоспарларын тиімді жүзеге асыруға қаланған берік іргетас десе болады. Осылайша менің алдымда қолданыстағы желілерді жаңғырту, сонымен қатар телекоммуникацияны жаңа заманауи желілерге көшіру жобаларын жүзеге асыру міндеттері тұр, – дейді Әлібек.

Ал Мұрат Төрегелдин «ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік хатшы аппаратында еңбек етеді.

– 2015 жылы Ұлыбританияда "Болашақ" бағдарламасымен халықаралық корпоративтік және бизнес-заңгер бағытында магистратура бітіргеннен кейін елге оралдым. Компанияға 2018 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ өткізген «Job matching» жобасының іріктеуі нәтижесінде келдім. Осы саладағы менің жұмысымның басты бағыты – «Самұрық-Қазына» және ұлттық компания басқармасы мен Директорлар кеңесі арасында өзара тиімді іс-әрекет орнату. Компанияның Директорлар кеңесі ең маңызды стратегиялық басқару органы болғандықтан, оған компанияның төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы және бірқатары шетелдік азаматтар болып табылатын тәуелсіз директорлар кіреді. Жұмыстың екінші бағыты – корпоративтік басқару жүйесін компанияның өзі және еншілес ұйымдары деңгейінде жетілдіру. Өткен жылы тәуелсіз талдау нәтижесінде корпоративтік басқару рейтингі артты. Қазір осы көрсеткіштерді одан әрі қарай жақсарту үшін жұмыс жүргізудеміз. Сонымен қатар ҚТЖ-ны IPO-ға шығару мүмкіндігі және «Самұрық-Қазына» АҚ реформалары шеңберінде компанияны халықаралық листингтік талаптарға сәйкестендіру міндеті тұр. Сондықтан осы бағытта атқарылатын жұмыстар көп. Ұсыныс ретінде айтарым, «Самұрық-Қазына» АҚ-ны басқа портфельді компаниялармен, әсіресе, IPO өткізетін және оған дайындалып жатқан компаниялармен тәжірибе алмасу, сын-қатерлер және мәселелерді бірге талқылау мақсатында шешу алаңына айналдыру, – дейді М.Төрегелдин.
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды