Елордаға темір жол көлігімен 75 мың тонна көмір жеткізілді

Жаңалықтар
13.09.2022, 17:08
Любовь Подоляк

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және ИИДМ Индустриялық даму комитетінің өкілдері елорданың көмір тұйықтарында болып, қатты отынның бар-жоғын тексерді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Елордада өңірлік көмір операторлары тізіміне енген 11 көмір сатушы анықталды.

Өткізу пункттерінде көмір жеткілікті мөлшерде, машиналар тиелуде, ұзын-сонар кезектер мен дүрлікпелер жоқ. Жеткізіп беру құның есептемегенде көмір құны: Майкөбен разрезі – 12500 теңге, Шұбаркөл разрезі – 13800 теңге, Қаражыра разрезі – 14500 теңге.

«Бек-Айда» ЖК-нің көмір қоймасында жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қойма бір уақытта 12 ашық вагонға дейін түсіруге қабілетті. Күн сайын 50-60 машина қатты отын шығарылады. Негізінен, бұл қоймада көмір сатып алушылар – қала, Талапкер, Қосшы және Қажымұқан кенттерінің тұрғындары.

«Өткен жылы күніне 150-200 көлік жөнелтіліп жатты, көмір доңғалақтардан түсірілмей жатып, бірден вагоннан сатылды, ұзын-сонар кезек болды. Қазір дүрбелең жоқ, мүмкін бұл адамдардың алдын-ала, жазда көмір қорын жинауымен, қаланы газдандыру жүргізілуіне байланысты да шығар. Тұрғындардың 50-60 пайызы көмір сатып алған. Вагондарды беру мен алып кетуде қиындықтар жоқ», - деді Көмір қоймасының меңгерушісі Дулат Құсайынов.

ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетовтың айтуынша, биыл халықты көмірмен қамтамасыз ету тактикасы өзгерді.

«Бұл аязды күтпей, тұрғындарды жылы мезгілде көмірмен қамтамасыз етумен байланысты, дүрбелең жоқ кезде бағалар да қолжетімді болады. Біз «Қазтеміртранс» АҚ вагондар паркін тек көмір тасымалдаумен ғана айналысу үшін қайта топтастырдық. Бұл ретте, ҚТТ вагондарына тарифтер нарықтық құннан 20-30 пайызға арзан», - дейді Т.Жолмағамбетов.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС атқарушы директоры Вадим Копылов атап өткендей, жылыту маусымына дайындықтың 4 айында 1 мамырдан 31 тамызға дейін Нұр-Сұлтан қаласына 75 мың тонна көмір жеткізілді. Бұл көрсеткіш әкімдік мәлімдеген қажеттіліктен (37 мың тонна) екі есе жоғары. Қыркүйек айына коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір өніміне қажеттілік жоспары 67 мың тоннаны құрайды. 12 қыркүйектегі жағдай бойынша бұл көлемнің жартысы қойылған. Орта есеппен тәулік сайын 45 вагон түсіріледі. Осындай қарқын сақталған жағдайда елордаға 90 мың тонна көмір әкелінеді.

«Қала көмірмен толық көлемде қамтамасыз етіледі. Алайда, көмірді тұтынушылар тек елорда тұрғындары ғана емес, қала маңы тұрғындары да болып табылады, сондықтан қажеттілік жоспарын қалыптастыру кезінде осы фактіні де ескеру қажет», - деді Вадим Копылов.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ көмір тасымалын жедел штаб үйлестіреді. Жолдың әрбір бөлімшесінде мониторингтік топтар құрылған, олардың басты міндеті – тұйықтарда көмірдің бар-жоғын бақылау. Штаб отырысы күніне екі рет: таңертең - мемлекеттік органдардың қатысуымен, кешке - көмір разрездері өкілдерінің шақырылуымен өтеді.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл