Теміржолшылар әулеті рекордтар кітабына енді

Жаңалықтар
25.09.2023, 18:10
Оқуға 2 мин

Теміржолшылар Түкібаевтар әулеті Қинэс-тің қазақстандық рекордтар кітабына еніп, ең ұзақ еңбек өтілі бойынша рекорд орнатты.

Еңбек кітапшаларымен расталған бүкіл рекордшы әулетінің жиынтық өтілі 616 жылды құрайды. Түкібаевтар отбасы бесінші буында өзінің қиын кәсібіне адал. Әр уақытта теміржолда Тукібаевтар отбасының 27 өкілі жұмыс істеген, және де жұмыстарын жалғастыруда.

Әулет өкілі Ғалымбек Түкібаев өз кәсібі үшін мақтаныш сезімін сезінетінін атап өтті.

- Мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Семей жол дистанциясының жетекші инженер-технологы болып жұмыс істеймін. Мен өз білімім мен жинақталған тәжірибемді отбасымыздың жас теміржолшыларына беремін. Бүгінде темір жолда Түкібаевтар әулетінің негізін қалаушылардың немерелері мен шөберелері жұмыс істейді, - деді ол.

Бұған дейін отбасы жыл сайынғы «Еңбек жолы» республикалық байқауының «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Байқауды Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтау мақсатында өткізді. Әр уақытта теміржолда Түкібаевтар отбасының 35 өкілі жұмыс істеп, өз жұмыстарын жалғастыруда. Әулеттің жалпы еңбек өтілі 600 жылдан асады. Әулеттің негізін қалаушылар – ағайынды үшеу – Маукен, Ілияс және Сыдық. Ағайындылар темір жолдағы еңбек жолын 30-шы жылдары бастап, Түркістан – Сібір темір жолының құрылысына қатысты.

Маукен Түкібаев пойыз кондукторы, содан кейін станция бойынша кезекші болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында станция бастығы болып жұмыс істеді, әскери оқ-дәрілер мен азық-түліктерді майданға үздіксіз және қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етуге үлес қосты. Оның ағалары Ілияс пен Сыдық Түкібаевтар жол дистанциясында жұмыс атқарды.

Әкелерінің даңқты және ерен еңбегін балалары Маликриян Маукенұлы, Серікқан Ілиясұлы, Ғали Сыдықұлы және Зұлкұмар Сыдықұлы абыроймен жалғастырды. Бүгінде темір жолда Түкібаевтар әулетінің негізін қалаушылардың немерелері мен шөберелері жұмыс істейді.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті