Машинист-нұсқаушылар үш модульді біліктілікті арттыру бағдарламасын аяқтады

Жаңалықтар
28.09.2023, 13:03
Оқуға 3 мин

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС локомотив бригадаларының 53 машинист-нұсқаушысы "Кәсіби шамшырақ" корпоративтік даму бағдарламасы бойынша үш модульді оқуды аяқтады. Бірінші және үшінші модульдер офлайн форматта, екіншісі - онлайн өтті. 

Оқу бағдарламасы бір жарым айға созылды және қарқынды болды. Спикерлер ретінде ҚТЖ және "Самұрық-Қазына" АҚ мамандары мен сарапшылары шақырылды. Оқыту бағдарламасын ұйымдастыру және өткізу бойынша провайдер ретінде Samruk Business Academy тартылды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ аппаратының басшысы Серік Кеулімжаев машинист-нұсқаушыларды оқудың сәтті аяқталуымен құттықтады.  

Оқытудың негізгі мақсаты - білім мен дағдыларды жүйелеу және жаңарту, машинист-нұсқаушылар қызметінің тиімділігін арттыру.  Оқыту бағдарламасы кәсіби және көшбасшылық құзыреттерді дамытуға, басқарудың озық құралдарын енгізуге бағытталған. Оқыту аясында цифрландыру, ESG, еңбек заңнамасы, ҚТЖ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және үнемді өндіріс әдістері мен құралдарын қолдану мәселелері бойынша тәжірибе алмасу. Депода машинист-нұсқаушылар - бұл локомотив бригадаларын оқыту, олардың жұмысын бақылау, пойыздар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қателер мен бұзушылықтарды талдау міндеттері бар орта буын басшылар.  

-Машинист - нұсқаушылар үшін алғаш рет осындай ауқымды және нақты құрылымдалған біліктілікті арттыру бағдарламасы жүргізілді, - деп атап өтті Павлодар локомотив пайдалану депосының машинист-нұсқаушысы Талғат Құсайынов.  

Оқыту аясында "Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі машинист-нұсқаушының рөлі" панельдік сессиясы өтті. Қонақ ретінде Тәжік темір жолының машинист-нұсқаушысы Хуршед Ходжаев шақырылды.   Ол өз депосының локомотив кешенінің жұмысы туралы, жоғары тиімділікті көрсететін жылжымалы құрамға локомотив бригадаларын бекіту жүйесі туралы айтып берді.  

"ҚТЖ" ҰК" АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шәкенов локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушысы пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және пайдалану жұмысын ұйымдастыруда маңызды буын болып табылатынын атап өтті.  

"Машинист-нұсқаушылардың өкілеттігі мен кәсіби құзыреттілігін арттыру - өзекті мәселе. Машинист-нұсқаушы тәулік бойы локомотив бригадаларымен байланыста болады, депо басшылығымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ол өзінің бес саусағындай локомотив шаруашылығын білуі керек, өз депосы мен ұжымын жан-тәнімен қолдауы керек, локомотив бригадаларының нендей тіршілік кешіп  жатқандығын, үйлерінде қандай жағдай орнағандығын білуі керек.  Машинист-нұсқаушылар басшылық лауазымдарға ұсыну үшін кадрлық резервте тұр", - деді М.Шәкенов.  

Оның айтуынша, машинист пен бұзушылық үшін сөгіс - үйлеспейтін нәрсе.  Бұзушылыққа жол берген машинист жазаланбауы, тиісіше оқытылуы керек және бұл жерде машинист-нұсқаушының рөлі маңызды.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС қозғалыс кестесін және пойыздарды қалыптастыру жоспарларын әзірлеу департаментінің директоры Гүлнар Таласпаева машинист-нұсқаушыларды бастамашыл болуға және өз учаскелерінде пайдалану жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстармен шығуға шақырды.  

Ақтөбе локомотивті пайдалану депосының бастығы Нұрлан Көшербаев машинист-нұсқаушы – тәлімгер деп есептейді, оған әрқашан сөзсіз сенетін. Барлық уақытта машинист-нұсқаушы лауазымына жинақтаған білігін локомотив бригадаларына бере алатын, білімді және бай жұмыс тәжірибесі бар мамандар тағайындалды.

Панельдік сессияға қатысушылар үшін қауіпсіздік - бұл технологиялық тәртіпті сақтау, сенім, әл-ауқаттылық және жүйелілік.

-Машинист-нұсқаушыларды мұндай ауқымды оқыту бұрын болмаған, өйткені бұл бүгінгі жағдайға құрылған эксклюзивті бағдарлама және біз мұнда заманауи талаптарды қостық, офлайн және онлайн форматтағы сабақтас оқытуларды қолдандық, сыртқы провайдерлерді де, өз сарапшыларымызды да шақырдық,-деп атап өтті сессия модераторы, "ҚТЖ" ҰК" АҚ адами ресурстарды басқару департаментінің HR бизнес-серіктесі   Алма Сәулебаева.  

Біліктілікті арттыру теміржолда жарияланған Қозғалыс қауіпсіздігі мәдениетін дамыту жылы аясында өтті.

Оқыту қорытындысы бойынша локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушыларына сертификаттар табысталды.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті