ҚТЖ өндірістік қызметінен парниктік газдар шығарындылары 16% төмендеді

Жаңалықтар
30.11.2023, 15:31
Оқуға 2 мин

Теміржол көлігінде төмен көміртекті тарту энергиясын қолдану мәселелерін сарапшылар «Төмен көміртекті тарту энергиясына көшу» онлайн-семинарында талқылады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Халықаралық темір жолдар одағымен (ХТЖО) бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға әлемнің 20 елінен 140 астам компания өкілдері қатысты.

Спикерлер ретінде Австралия, Корея, Германия, Қытай, Малайзия, Франция және Қазақстаннан келген көлік саласындағы түрлі компаниялар өкілдері (ХТЖО мүшелері мен серіктестері) сөз сөйледі. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы теміржол көлігін декарбонизациялау туралы БҰҰ ЭСКАТО көлік бөлімінің экономикалық мәселелер жөніндегі сарапшысы Сандип Джейн айтып берді.

Семинарда теміржолда баламалы отын түрлерін енгізу бойынша бастамалар, аккумуляторлық батареяларда локомотивтерді пайдалану, жылжымалы құрамды кеңейтілген пайдалану үшін заманауи шешімдер талқыланды. Қатысушылар тартудың балама түрлеріне көшу кезінде гибридті технологиялар – байланыс желісінің немесе дизельді қозғалтқыштың аккумуляторлық тартымымен үйлесуі ең перспективалы болып табылатынын атап өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев 2013-2022 жылдар аралығында компания бойынша СО2 тікелей шығарындыларының 16% төмендеу серпіні байқалғанын, ал тасымалдау процесінің энергия тиімділігін арттыру көрсеткіштері 20% астамға жақсарғанын атап өтті.

ХТЖО ақпараты бойынша, Қазақстанда темір жол көлігіне парниктік шығарындылардың үлесі 1% аз, ал АҚШ пен Еуропалық одақ елдеріндешамамен 2-3% құрайды.

Айта кетейік, 2022 жылдың желтоқсанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «Төмен көміртекті даму тұжырымдамасы» бекітілді. Қазіргі уақытта компания Wabtec Corporation, Alstom Transport және CRRC Corporation Limited халықаралық серіктестерімен бірлесіп теміржол көлігінде баламалы энергия түрлерін әзірлеу үстінде.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті