Алдағы 5 жылда 700-ден астам локомотив сатып алынады

Жаңалықтар
09.12.2024, 10:07
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол көлігі саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы жуырда ҚР Көлік министрлігінің өкілдері 24.KZ телеарнасына сұхбат берді.

Спикерлердің айтуынша, Қазақстан географиялық орналасу тұрғысынан алып экономикасы бар алпауыт екі елдің, Қытай мен Ресейдің, оның әр жағында Еуропа елдерінің арасында жатыр. Осындай ірі мемлекеттермен шекаралас жатқан Қазақстан үлкен транзиттік хабке айналуы керек. Көлік министрлігінің алдында сондай міндет тұр.  

– Қазақстанды ірі хабке айналдыру үшін бізге біріншіден мықты инфрақұрылым керек, екіншіден вагондар мен локомотивтер жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Одан басқа барлық шетелдермен түйіспе нүктелері де ауқымды жүк тасымалына дайын болуы тиіс. Бүгінде бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Жалпы транзит көлемі жылдан жылға өсіп келеді. Биылғы жылдың өзінде 27 млн тонна транзиттік жүк тасымалданады деп отырмыз, бұл соңғы 10 жылға қарағанда екі есе артық. Ал контейнерлік транзит 5 есе артуда. Алға қойған жоспар бойынша транзиттік жүктерді жылына 45 млн тоннаға дейін, ал контейнерлік тасымалды 2 млн тоннаға жеткізу көзделуде, – дейді министрліктің теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов.  

Сонымен қатар спикер локомотив шаруашылығының тозуы 2-3 жылда қатты байқалғанын, сол үшін биылдан бастап локомотив сатып алу қарқыны арттырылғанын жеткізді. Осы жылдың өзінде 185 локомотив алынды, келесі жылы 187 алынады, алдағы 5 жылда 700-ден астам локомотив сатып алынады. Олардың бәрі қазіргі заман талабына сай болады. Бүгінде вагон жетіспеушілігі жойылды деуге болады. Қазақстанда 139 мың вагон бар, жылдан жылға вагондар паркі жаңартылып, саны да артып келеді.  

Жалпы, ел аумағы арқылы 15 халықаралық дәліз өтеді. Оның бесеуі – теміржол дәліздері. Қазақстанда 16 мың км теміржол болса, 2029 жылға дейін соның 11 мыңы күрделі жөндеуден өтеді, әзірге 2800 км жөнделді. Аталған мерзім ішінде Қазақстанда жалпы 5 мың км теміржол салу жоспарланған. Сонымен қатар 184 станцияны қайтадан жаңғырту көзделуде.  

Спикерлердің айтуынша, бүгінгі таңда құрылысы жүріп жатқан 4 ірі жобаның Достық – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал, Алматы айналма жолы, Аягөз – Бақты темір жолдарының құрылысы, жалпы аумағы 1300 шақырымнан асатын теміржолдың Қазақстанды логистикалық транзиттік ірі хабке айналдырудағы рөлі зор болмақ.  

«Бұл жобалар толық жүзеге асырылған кезде Қазақстан арқылы транзитті 5 есеге арттыру мүмкіндігі туады», – деп атат өтті Н.Келбұғанов.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті