Теміржол өткелдерінде орын алған жол-көлік оқиғалары саны азайды

Жаңалықтар
29.04.2026, 08:35
Фото Александра Жабчука

2026 жылдың бірінші тоқсанында теміржол өткелдерінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары санының 30% төмендеуі тіркелді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздікті сақтау мәселесі әлі де өзекті. Оқиғалардың негізгі себебі автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы – тыйым салу сигналдарын елемеу, жақындап келе жатқан пойыз алдынан кесіп өту әрекеттері және жол белгілеріталаптарын бұзу болып қалып отыр.

Қауіпсіздікті арттыру үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еліміздің барлық өңірлерінде кешенді профилактикалық жұмыс жүргізуде. 2026 жылдың бірінші тоқсанында 300 жуық профилактикалық рейд жүргізілді. 150 мыңнан астам жүргізуші теміржол өткелдері арқылы өту ережелерімен танысты.

Өткен жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құқық қорғау органдарымен бірлесіп бастамашылық еткен теміржолдағы апаттылықты төмендетуге және тәртіпті арттыруға бағытталған заңнамаға түзетулер қолданылып келеді. 

Сонымен, бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді:

- жолдардан белгіленбеген орындар бойынша өткені үшін – 3 АЕК, қайталанса  5 – АЕК;

- мал айдап өткені, көлік-арба көлігінің қозғалысы және бөлінген белдеуде мал жайғаны үшін – 5 АЕК, қайталанса –10 АЕК; 

- темір жол өткелдерінің жүріп өту ережелерін бұзғаны үшін – 20 АЕК, зиян келтірілген кезде жүргізуші куәлігінен 9 айға дейін айырылуы мүмкін.

Теміржолшылар жүргізушілерді өткелдерді кесіп өту кезінде өте мұқият болуға, жол ережелерін қатаң ұстануға шақырады және еске салады: темір жолдағы асығыс өлімге әкелуі мүмкін – пойыз астына түсу қаупі жоғары.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты