Шетпенің «су патшасы»

Жаңалықтар
16.01.2018, 11:26

 Шетпе станциясында қайда, қандай су құбыры мен кәріз құдығы бар, ауыз су темір жолдың қай мекемесіне қайдан, қалай келіп-кетеді? Бүгінде қай нысан қалай жұмыс істеп тұр? Мұның бәрін Ығлым Ботабаев үйінде отырып-ақ, айна қатесіз дәл біліп отырады. «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖСШ Шетпе бөлімшесінде еңбек ететін Ығылым Ботабаевтың жалпы теміржолдың су шаруашылығында тер төккеніне қырық жылға жуық уақыт өтіпті. Бекерге оны «Шетпенің су патшасы Сүлеймен» атамаса керек. Сонау 1979 жылы теміржолдың сумен қамту мекемесіне бастапқыда жөндеуші машинист болып жұмысқа тұрған кезде мекеме Атырауға қарап, теміржолға қарасты тұрғын үй, өндірістік мекемелерді су және кәріз жүйесімен қамтыған екен. 1983 жылдан бастап шебер, соңынан бөлім бастығы болған. Қазір 15 бекеттен Сайөтеске, Ералы станциясы мен №7 бекет  аралығында қызмет көрсететін «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖСШ Шетпе бөлімшесіндегі жұмысты үйлестіріп, оншақты бекеттің, бірнеше темір жол мекемесінің, теміржолға қатысты тұрғын үйлердің, ауылдағы әлеуметтік нысандардың ауыз су мәселесін шешіп отырған өндіріс орнын басқаруда. Бірінші мамандығы механизатор. Кейін М.Тынышпаев атындағы Ақтау көлік колледжін бітірген. Маңғыстауда туып, Шетпе маңында, ауылдың ойы мен қырын көріп өскен оған бұл жердің ойы мен қыры түгел таныс. Көп жылдық тәжірибелі және өнертапқыш басшы тізгінін ұстаған мекеменің  табысы да жақсы. Мекеме биыл 82 мың текше метр су таратып, халықтан шыққан 25 мың текше метрге жуық көлемдегі кәріз суын тазартқан. 1965 жылы салынған ғимарат жаңартылып, жаңа әрі жайлы нысан бой көтеріп тұр. Кәсіпорынға 2009 жылдан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, су мұнарасы, су, лас су айдау станциялары, су ұңғымасы, су құю эстакадалары түгел жөндеуден өткен. Су, кәріз құбырлары жаңаланған. Бұрын су ұңғымасы жай құдық болған болса, бүгінде оның үстіне ғимарат тіктелген, жабық. Оған 80 метр тереңдікке кететін пластик құбыр жасалған.  Енді құдық астындағы насосты кранмен көтеріп, оған арнай көлік іздеп те  әуреге түспейді. Электронды түрде оңай тәсілмей жасауға болады. Бұл – Ығлым Хасанұлының ұзақ жыл жинақтаған білім-білімінің арқасында ашқан жаңалығы. Сол үшін ол 2012 жылы өнертапқыш атанып, 500 мың теңге арнайы сыйлыққа да ие болған. 2013 жылы «Үздік маман» атанса, 2015 жылы «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша ол басшылық жасап отырған Шетпе су стансасы «Теміржолсу» АҚ бойынша «Үздік ұңғыма» номинациясымен марапатталған. –Мені жұмысқа аларда Атыраудағы Бакиев деген бастығымыз «Қандай жұмысқа келгеніңді білесің бе? Кәріз құдығы бітеліп қалса, үйлерден келетін лас суға түсу керек. Ертең қашып кетпейсің бе?» деген еді. Сол айтқандай барлық қиындыққа шыдадық. Қазір жастарға кәріз құдығын ашуды айтсаң, «Ой...й...» деп жиіркеніп тұратындары да кездеседі. Жұмыстан жиіркенуге болмайды. Біз солай қалыптастық. Ауыр да азапты еңбектің жемісін жегеннен рахат не бар?! Жастар жағына үнемі соны ескертемін.  Біз жұмысты кешегі кеңестік заманда бастағанбыз. Онда орталықтағы қазандықтар да бізге қарайды. Жауапкершілік деген қатты болды. Қазандыққа су бармай қалса немесе машинистердің демалу бөлмесінде су болмаса үлкен айқай. Сағат түнгі 2 не 3 демейсің, орныңнан атып тұрып кете бересің. Қазіргідей стансаға баратын грейдер жол да жоқ. 5 шақырым жерге жаяу жүресің. Кейде түнде стансада жарық сөніп қалады. Қараңғыда, қыста, талай түндері шұңқырға түсіп жүрген кездер өтті басымыздан. Соның бәрі сабақ. Қиындықсыз өмір жоқ, – дейді Ығлым Хасанұлы.  Өткен жылы 60 жасқа толған ел ағасы Ығлым Хасанұлын Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімі Құрмет грамотасымен марапаттады. Ал біз үшін шетпелік Құрметті теміржолшы  40 жылдан бері тұрақты оқырманымыз.  «Салалық газетсіз мен бар жаңалықтан құр қалғандай сезінемін,  үзбей жазыламын. Ешбір аудандық, облыстық газет маған «Қазақстан теміржолшысының» орнын толтыра алмайды, әр номерін ашып оқып отырып, жаңалықтардан хабардар боламын, таныс адамдарымды кездестіремін, біреулерін туған күнімен құттықтаймын», – дейді туған жерге туын тігіп, бақытын еңбектен тапқан ағамыз.

Шахида Жұман, Маңғыстау

Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты