Зиянды жұмыста істейтіндер жалақысына қоса үстемақы алады

Жаңалықтар
18.08.2021, 10:47
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанда 2007 жылы зиянды мамандықтар тізімі бекітілгенде, оның қатарында мыңнан астам кәсіп иелері бар екені анықталды. Соның ішінде Үкімет қаулысымен теміржол саласында 23 мамандық зиянды болып есептеледі. Олардың жұмыстарының зияндылығын бағалау деңгейіне қарай ай сайынғы жалақысына қосымша ақы төленеді. Бұл тізімде бірінші кезекте өндірісте істейтіндер қарастырылады. Олардың жұмысының зияндылығы өндірістік ортаның қатты лас болуы, шудың қаттылығы, қолайсыз температуралық режим, жарықтың жеткіліксіздігі, қауіпті еңбек жағдайы, жұмыс аймағында және кәсібінен табатын аурулардың қозу қаупіне қарай белгілі болады. «Қазпрофтранс» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитовтің айтуынша, Қазақстан теміржолында сондай зиянды жұмыста істейтін жұмысшылардың саны – 40 мың адам.

– Солардың әрқайсысына зиянды жұмыста істегендері үшін айына айлығына қосымша ақша төленеді. Бұл қосымша ақы жұмыстың зияндылығына байланысты берілетін балына қарай әр түрлі, 5 пен 12 пайыз арасында болады. Соның ішінде ең ауыр цех – локомотившілер. Бірақ олардың жұмысын бағалауға байланысты тарифтері жоғары, олар бірден жоғарылатылған жалақы, яғни шамамен 300-400 мың теңге айлық алады. Ал одан кейінгі зиянды мамандықтарға – ұсталар, дәнекерлеушілер, электр монтерлары, вагон қараушылар, слесарьлар, жолшылар, жол бригадирлері, механизатор, дрезинщиктер жатады. Солардың ішінде химиялық заттармен жұмыс істейтіндеріне зиянды жұмыс үшін қосымша ақыдан басқа сүт беріледі, – дейді Жұпарбек Сәбитов.

Жұмыс зияндылығына берілетін қосымша ақы көлемі өзгеріп отыруы мүмкін. Ол үшін лицензиясы бар мекемелер келіп, жұмыстың ауырлығын, зияндылығы қаншалықты екенін өлшеп, жан-жақты тексереді. Яғни, мұны аттестациялау деп атайды. Соның нәтижесінде зияндылық балы шығады, ал ол қосымша ақы пайызына әсер етеді. – Пайыздары қалай өзгереді? Мысалы, ұстаның жұмыс орнында еңбек жағдайы бұрынғыдан жақсарып, цехта түтінді сыртқа тартатын құрылғы бұрын болмай, енді орнатқан болса, басқа да жұмысын жеңілдететін құралдар қойылса, ондай зияндылық үшін берілетін жалақы пайызы азаяды, – дейді Ж.Сәбитов.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті