Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар пойыздарындағы «көмекшілерге» қарсы күресті күшейтуде

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-да жолаушылардың билетсіз өтуіне және теміржол көлігімен ресімделмеген жүк багажын («көмекшілер», «отырғызушылар») тасымалдауға жәрдемдесетін делдалдардың заңсыз қызметінің жолын кесу мәселесі бойынша кеңес өтті.

Іс - шара Бас көлік прокуратурасымен, ҚР ИИДМ Көлік комитетімен, ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментімен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік қауіпсіздік қызметімен, «Адал жол» жобалық кеңсесімен және «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша «көмекшілердің» қызметін жою бойынша бірқатар шешімдер әзірленді. Атап айтқанда, жолаушыларда жол жүру құжаттарының болуын бақылау күшейтіліп, пойыздарда тексерулер саны артады.

Көлік полициясы нарядтарының сүйемелдеуімен жүретін пойыздар санын барынша көбейтеді. Теміржол вокзалдарында бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жалғасады, бұл жолаушыларға қауіпсіздіктің қосымша деңгейін береді.

Жолаушыларға қызмет көрсетуге байланысты қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары үшінші тұлғаларға билетсіз жол жүруге және ресімделмеген багажды тасымалдауға заңсыз көмек көрсеткені үшін жауапкершілікті қамтиды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 623-бабында жолаушыларды билетсіз тасымалдағаны үшін жауапкершілік нормасы қарастырылған:

1) халықаралық қатынас пойыздарында – жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл;

2) республикаішілік қатынас пойыздарында – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап Қазақстанда билеттерді қайта сатқаны үшін айыппұл сомасы 100-ден 500 АЕК-ке дейін (265 мыңнан 1,3 млн теңгеге дейін) құрайды.

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды