«Жолаушылар тасымалы» АҚ Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жолаушылар тарапынан пойыздарға сұраныс еселеп артатынына байланысты қосымша пойыздарды бірнеше бағыттарға қосады. 

Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

  • №201/202 «Нұр-Сұлтан 1-Шымкент» бағытында - 2023 жылдың 15, 29 желтоқсаны және 2024 жылдың 1 қаңтарында елордадан 3 пойыз қатынайды. Ал Шымкенттен - биыл 16, 30 желтоқсан мен 2024 жылдың 2 қаңтарында пойыз жүреді.
  • №203/204 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Алматы 2» бағытында - осы жылдың 15, 28, 29 желтоқсанында және 2024 жылдың 1, 2 қаңтарында Нұрлы жол вокзал кешенінен 5 пойыз жүреді.  Ал Алматы 2 вокзалынан - 16, 29, 30 желтоқсан және келер 2024 жылдың 2, 3 қаңтарында пойыздар қатынайды.

Құрам стандартты купе мен плацкарт вагондарынан тұрады.

Сондай-ақ, №7510/7509 Электр пойызының Астанадан Павлодар бағытында қосымша рейстері қосылады. Пойыз елордадан осы жылдың 15, 29, 30 желтоқсанында, ал кері бағытта - биылғы жылдың 18 желтоқсанында және 2024 жылдың 2 қаңтарында жүреді. 

Бұдан басқа сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған кезде жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады. 

Анықтама ақпаратын «1433» нөмірі және «KTZH_PP_BOT» жеделхаттарынан алуға болады.