ҚТЖ пойыз қозғалысының кестесін онлайн бақылайтын қызметті іске қосты

Жолаушылар тасымалы
17.02.2025, 09:07
Оқуға 2 мин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға арналған «Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы» атты жаңа цифрлық сервисті қолданысқа енгізді. Енді жолаушылар нақты уақыт режимінде пойыздардың келу және кету уақытын бақылап, қозғалыс кестесіндегі өзгерістер туралы жедел ақпарат ала алады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аталған қызмет «Жолаушылар тасымалы» АҚ Ситуациялық орталығы аясында әзірленді. Орталық жолаушылар пойыздарының қозғалысын тәулік бойы бақылап, мониторинг жүргізеді. Пойыздарға орнатылған GPS-трекерлер деректерді автоматты түрде орталыққа жіберіп, пойыздардың орналасқан жерін дәл анықтауға және қозғалыс кестесін жедел жаңартуға мүмкіндік береді. Жаңа сервис жолаушыларға bilet.railways.kz ресми сайтында қолжетімді.

Пойыз қозғалысы туралы ақпарат алу үшін:

1. https://bilet.railways.kz  сайтына кіру қажет.

2.«Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы» баннерін басу керек.

3. Картадан қажетті пойызды таңдау қажет.

4.Сондай-ақ, қызметке https://tablo-railways.kz/ru/  сайты арқылы да кіруге болады.

«Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы» жолаушыларға нақты уақыт режимінде пойыздың қозғалысын картадан бақылауға (пойыз қызыл түспен белгіленеді), таңдаған станциядағы келу және жөнелту кестесін тексеруге, қозғалыс кестесіндегі өзгерістерді бақылауға, барлық аялдама станцияларын, олардың күту уақытын және межелі бекетке шамамен келу уақытын көруге мүмкіндік береді.

Tablo-railways.kz сайтында пойыз билеттерін онлайн сатып алу, электронды отырғызу талонын алу, орындарды талап-шағым бойынша қайтару, ағымдағы пойыздар кестесін қарау және жүктердің құнын есептеу сияқты қосымша қызметтер қолжетімді.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға сапалы және ыңғайлы қызмет көрсетуге басымдық береді. Осы мақсатта сервис жұмысына қатысты ұсыныстар мен пікірлерді қабылдау жүйесі іске қосылған. Жолаушылар өз ескертулері мен тілектерін сайттағы «Кері байланыс» бөлімі арқылы қалдыра алады.  

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті