Астанадан «Полярлық экспресс» пойызының алғашқы рейсіне 300-ден астам жолаушы аттанды

Елордадан ерекше форматтағы мерекелік жоба — «Полярлық экспресс» пойызы алғашқы сапарына аттанды. Балалар мен ата-аналарға арналған бұл саяхаттың алғашқы рейсіне 300-ден астам жолаушы қатысты. Жаңа жылдық стильде безендірілген вагондар, жарқыраған шамдар мен әуендер пойыз ішін ертегі әлеміне айналдырды. Жоба «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен ұйымдастырушылардың ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жолаушылар үшін арнайы әзірленген ойын-сауық бағдарламасы ұсынылып, балаларға тәттілер мен естелік сыйлықтар табысталды. Олар сүйікті кейіпкерлердің қатысуымен өрбитін ертегілік қойылымды тамашалап қана қоймай, түрлі ойындарға, би флешмобтарына және интерактивті көріністерге белсене араласты. Кішкентай көрермендерді сабын көпіршіктері шоуы мен күтпеген қуанышты тосынсыйлар ерекше қуантты.

«Полярлық экспресс» пойызында 15-тен астам ертегі әлемінің кейіпкері көрініс тапты. Аяз ата мен Ақшақардан бастап Поляршылар, Снежа, Шырша және Йетиге дейінгі кейіпкерлер балаларға шаттық сыйлады. Алайда кішкентай жолаушылардың ерекше ықыласына қазақ фольклорының сүйікті кейіпкері — Алдар Көсе бөленді. Ол балалармен бірге ұлттық «Асық ату» ойынын ойнап, дәстүрлі өнім құрттан ауыз тигізіп, мерекелік көңіл күйді ұлттық нақышпен толықтырды.

Жол бойы пойыздың әр вагонында жолаушыларды ортақ ойынға тартқан шағын сахналық көріністер, көңілді сайыстар және ертегі әлемінің тілімен таныстыратын интерактивті бөлімдер ұйымдастырылды. Ал сапардың ең әсерлі сәті — Аяз ата мен Ақшақардың мерекелік сыйлықтарды таратқан кезі, балаларға ұмытылмас әсер сыйлады.

Саяхат екі сағатқа созылады, одан кейін пойыз қайтадан бастапқы жөнелту орнына оралады. «Полярлық экспресс» Астана-1 станциясынан Тастақ станциясына дейін барып, кері бағытта қатынайды. Мерекелік рейстер 2025 жылғы 14, 16, 20, 21, 27, 28 және 29 желтоқсан күндері сағат 11:00-де, сондай-ақ 2026 жылғы 2 және 3 қаңтарда жүзеге асырылады.

Билеттерді сатып алу сұрақтары бойынша ұйымдастырушылардың Instagram желісіндегі @poezd_potter_kz парақшасына жүгінуге болады.

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты