Олжас Бектенов пойыз жолаушылары үшін жағымды жаңалықты айтты

Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында жолаушылар пойыздарының бірінің бағытын ұзарту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ол 2026 жылы 91 вагон жеткізілетінін еске салды. Оның ішінде: Астана – Шымкент бағыты бойынша 2 құрам, Астана – Атырау бағыты бойынша 2 құрам және Астана – Жезқазған бағыты бойынша 1 құрам қарастырылған, деп жазды Zakon.kz.

«Сонымен қатар, 2026 жылдың сәуір айынан бастап Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарын орындау аясында Қарағанды – Жезқазған жолаушылар пойызының бағытын Ақтау қаласына дейін ұзарту жоспарлануда. Жалпы алғанда, 2030 жылға дейін 1 000-ға жуық вагонды жаңарту көзделген», — делінген жауапта.

Сондай-ақ, Үкімет басшысының айтуынша, Қарағанды – Балқаш облыстық пойызының құрамы 4-тен 6 вагонға дейін көбейтілген. Биыл жазғы кезеңде, маусым мен тамыз аралығында, 6 вагоны бар қосымша Қарағанды – Балқаш облыстық пойызының күнделікті қатынауы ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, Бектеновтің мәліметінше, осы жылдың 1 наурызынан бастап екі вагоны бар Алматы – Балқаш – Алматы күнделікті тікелей пойызы іске қосылған.

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты