Жүк тасымалындағы ахуал қандай?

Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

 Елдегі төтенше жағдайға қарамастан Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі жылдың бірінші тоқсанын табысты қорытындылады. Барлық көрсеткіштер жоспарға сай, тіпті асыра орындалған. Өңірде жүк тасымалының өнімділігі тек наурыз айында 1млрд 859,7 млн ткм нетто болып, 104,2 пайызға орындалды. 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жүк айналымы 111,2 пайызға артық. Үш айдағы жүк айналымы техникалық жоспарға сай 4 млрд 711 млн ткм нетто құрап, жоспар 103,9 пайызды көрсетті.

Наурыз айында жүк тиеу тәулігіне 730 вагонға жоспарланса, өңірде ол 845 вагонға орындалған. Динамикалық жүктеме үш айдың нәтижесі бойынша 57,28 т/ваг құрап, 102,6 пайызға жетіпті. Бөлімшеде наурыз айында 64,56 т/вагон жүк жөнелтілді. Тәулігіне 1327 вагон жүк қабылданып, үш айдағы жоспарды орындау 96,1 пайызды құраған. Жүк түсіру жұмыстары да жоспардан артығымен орындалды.

Бұл көрсеткіш наурыз айында тәулігіне 378 вагонды құрап, меже 129,1 пайызға артығымен орындалған. Үш айдағы мәліметтерді тізген Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесінің техникалық бөлім басшысы Жасұлан Рсқалиевтың айтуынша, вагон айналымының көрсеткіші де ойдағыдай. Тәулігіне 2,13 жоспарымен 101,9% құрады. Вагон айналымы өткен жылдың дәл осы кезеңмен салыстырғанда 99,5 пайызға тең. Вагон айналымының баяулауы вагонның жұмыс паркін тәулігіне 136 вагонға ұлғайтумен, сондай-ақ жүк тиелген вагондарды қабылдаудың тәулігіне 140 вагонға азаюымен байланысты.

Ал көктемнің алғашқы айында локомотивтік өнімділік 105 пайызға жетіп, жыл басынан бері жоспар бойынша орындалған жұмыс көлемі 101,6 пайызды құраған. Еңбекті қорғау жұмыстары да ойдағыдай. Алғашқы тоқсанда Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде жарақаттану жағдайлары болған жоқ. Қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйі де ақаусыз. Алғашқы тоқсанды абыроймен жапқан бөлімше жыл ішінде де экономикалық ахуалды құлдыратпауға күш салып отыр. Дегенмен, індеттен кейін "не болады?" деген сұрақ тек теміржол саласын емес, бүкіл елді алаңдатып отырғаны анық. 

ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Сыйластықпен өрілген өмір
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Станция кезекшісі
Аймақтар
01.05.2026
Көктемгі байқау – жазға дайындық
Аймақтар
01.05.2026
Сауатты әрекет етті
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
«Үздік маман» атану оңай емес
Қауіпсіздік
01.05.2026
Еңбекті қорғау күні атап өтілді
Қауіпсіздік
01.05.2026
Қауіпті аймақтың қатаң талаптары
Жаңалықтар
01.05.2026
«Кедентранссервис» АҚ мамандары ISO халықаралық стандарттары бойынша біліктілігін арттырды
Аймақтар
01.05.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Аймақтар
01.05.2026
Білім сайысында бақ сынасты
Спорт
01.05.2026
«Толағай» – отбасылық сайыс
Қауіпсіздік
01.05.2026
Тілсіз жауға тосқауыл
Жолаушылар тасымалы
01.05.2026
Пойыздағы 25 күн: Қазақстанның барлық өңірін аралаған саяхатшы
Жаңалықтар / Мұрағат
01.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №34-35 01 мамыр 2026 жыл
Әлемде
30.04.2026
Siemens Mobility Румыния үшін сутегімен жүретін пойыз жасайды
Аймақтар / Қауіпсіздік
30.04.2026
Практикалық семинар: «Менің идеалды жұмыс ортам»
Аймақтар
30.04.2026
Қауіпсіздік – қанмен жазылған қағида
Аймақтар
30.04.2026
Атырау дистанциясында еңбекті қорғауға арналған семинар өтті
Жолаушылар тасымалы
30.04.2026
ҚТЖ теміржол көлігімен жолда жүру ережелерін еске салды
Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
MyQaz.kz