«Танкист-машинист» атанған теміржолшы

ҚТЖ келбеті
14.02.2023, 10:00
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау локомотив пайдалану депосының машинисі Асылбек Наурызбаевтың жанама аты – «танкист». Себебі, өз сөзімен айтқанда, осы жасында темір тұлпардың түр-түрін тізгіндеген.

Кешегі кеңес идеологиясы туғызған ауған соғысында интернационалдық борышын өтеу деген атпен жат елге аттанған боздақтар қатарында біздің кейіпкеріміз де бар еді. Әлі күнге жан жарасы жазылмаған ауған соғысының ардагері жыл сайын 15 ақпанда қаруластарымен кездесіп, өткенді еске алып, құрбан болғандарға құран оқытады. «Қанша жыл өтсе де ауған алауы жадымызда тұр, танкист болдым, талай рет жауынгерлік операцияларға қатыстық. Жеңіл контузия да алдым. Емделіп, қайта міндетімді жалғастырдым. Біз ғой аман-есен елге оралдық, қанша боздақ жат елде жан тапсырғаны жанымды ауыртады», – деп еске алады «танкист-машинист» атанған теміржолшы.  

1969 жылы Қарақалпақстанда дүниеге келген ол теміржолдағы жұмысын 1990 жылы көрші елдегі Жаслық локомотив депосында слесарь болып бастапты. Екі айдан соң деподағы оқу курсынан өтіп, машинист көмекшісі болып ауысады. Кейін Ташкент қаласында бір жылдық машинист курсында оқып, машинист куәлігін алады. Қазақстан темір жолындағы еңбек жолын 2002 жылы Маңғыстауға қоныс аударғаннан кейін Маңғыстау локомотив пайдалану депосына көмекші машинист болып бастайды.  

– Мектепті бітіріп 1987 жылы ел қатарлы әскерге кеттім. Түркіменстанның Тәжен қаласында алты айлық әскери дайындықтан өттік. Сол жерде полк командирінің бұйрығымен әр ротадан 35 баладан таңдап, Ауғанстанға аттандырды. Ташқорған қаласына бардық. 65 753 полкінің танк батальонында қызмет еттім. Ол Айбат қаласында тұрды. Мен сонда танк жүргіздім. Әрі атқыш, әрі танк командирі болдым. Соғыс, оның үстіне жат елдегі соғыс кімге керек, 15 ақпанда кеңес әскері Ауғанстанды тастап шыққанда қатты қуандық, – дейді Асылбек аға.  

Айтуынша, әскерде ауыр техника тізгіндеген тәжірибесі елге келген соң тепловозды лезде игеріп кетуіне әсер еткен. «Әрине, танк жүргізу бір бөлек те, тепловоз тізгіндеу бір басқа. Соғыс құралы болғандықтан ол жер таңдамайды, жүре бересің төтелеп. Тепловозда тек қос рельс жолмен жүресің. Алғашқы ұстазым, қазір Бейнеу айналым депосында машинист нұсқаушы Өміржан Бейсеновтен көп нәрсе үйрендім», – дейді кейіпкеріміз.  

Асылбек Қобланұлының ұлы Самат та машинист. Өзімен бір депода еңбек етеді. Өсіп келе жатқан немерелер де болашақта ата кәсібін, машинистер әулетінің еңбек жолын жалғастырады деген сенімде.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды