Әбжалиевтер әулетінің еңбек жолы

ҚТЖ келбеті
15.03.2023, 12:36
Оқуға 2 мин
Фото из архива семьи Абжалиева
Любовь Подоляк

Әбжалиевтер әулетінің еңбек жолы Трансқазақстан темір жолының Шу-Мойынты учаскесінің алғашқы шпалдарын төсеуден басталды.

Әулеттің негізін салушы – алғаш жол салушы әрі жолшы, еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагері Қылышбай Әбжалиев.

Қылышбай Әбжалиев 1913 жылы 6 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген.  Темір жолға кездейсоқ тап болған. Соғыс кезінде теміржолшы тұтқынға түседі. 1948 жылы елге оралған соң Трансқазақстан темір жол желісінің құрылысына жіберіледі. Осылайша №157 құрылыс-жөндеу пойызына жұмысқа тұрады.  

Жұмыс ауыр еді. Барлығын қолмен атқаратын, ешқандай механика болмады. Құрылыс материалдарын тасымалдау үшін түйе арбалар пайдаланылатын. Мұндай жұмыс күш пен төзімділікті қажет етеді. Темір жол учаскесінің ашылуы өңірдің жақсы өмір сүруіне, ел экономикасының дамуына, жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі деген сенімде болды.

Қылышбай Әбжалиев өзінің еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында әріптестері арасында үлкен беделге, басшылық тарапынан құрметке ие болды. 1949 жылы жол дистанциясының жұмысшысы, бес жылдан кейін Қияқты стансасы, Шығанақ жол дистанциясының жұмысшысы болып ауысты. 20 жылдан астам Қияқты станциясы жол дистанциясының 5-санатты жолшысы болып жұмыс істеді. 1977 жылы лайықты демалысына шықты. Еңбек ардагерінің теміржолдағы жалпы еңбек өтілі 30 жылға жуықтайды.

Еңбек ардагері 1974 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, Ұлы Жеңіске арналған мерейтойлық наградалармен марапатталған. 1975 жылы «Тоғызыншы бесжылдықтың екпіндісі» атанды. Ол еңбекқорлығы, жауапкершілік пен тәртіптілігімен ерекшеленді.

Ұлы Отан соғысының ардагері 82 жасында дүние салды.  

Жұбайы Нәсіп екеуі бес бала тәрбиеледі. Қазір атасының жолын немерелері темір жол саласында жалғастырып жатыр.  

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды