Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етіп отырған электромеханик

ҚТЖ келбеті
13.06.2024, 11:39
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс белгі беру және байланыс дистанциясындағы техникалық жөндеу учаскесінің электромеханигі Дәмет Шынтаеваның жұмысы тіпті де оңай емес. Бір-бірімен шиеленіскен жіптей шатасып жатқан сансыз сымдардан тұратын құрылғыларды жөндеп, тексеруден өткізіп келе жатқанына талай жылдың жүзі болған.

Жылжымалы құрамның қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуде ПС-220 блогының қызметі аса маңызды. Бұл өзі теміржолшының жұмысын жеңілдететін, электр қуатымен жұмыс істейтін автоматтандырылған құрылғы. Қызметі – кеңседе отырған диспетчердің бұйрығы бойынша, жылжымалы құрамның «жолын ашып» отырады. Яғни шақырымдарға созылып жатқан учаскелердегі қос рельске орнатылған ПС-220 құрылғысы автоматты түрде іске қосылуының нәтижесінде, бағыттағыш бұрмалар пойыздың бағдарын айқындап береді.

– Бұлардың әрбірінің қызмет көрсету мен тұрақты тексеріп отыруға арналған 1, 3, 5 немесе 10-15 жылдық мерзімі болады. Ең ұзағы 15 жылға дейін қолданылады. Осы аралықта оларды кезең-кезеңмен тексеріп, кем-кетігін жөндеп, түзеу арқылы пайдаланып келеміз, – дейді кейіпкеріміз.

Бас-аяғы 6 реледен құралатын бұл блокқа 3 жылдық кепілдік беріледі екен. Мерзімі әрбір құрылғының құжатында жыл мен ай-күніне дейін мұқият жазылады.

Алайда, мамандардың айтуынша, белгіленген тексеру мерзімі бітпей жатып та, құрылғының қолданыстан шығып қалатын кездері кездесіп жатады. Себебі құрылғылар жаңа емес. Солай десек те, оның үстіне ПС-220-ны шашып жіберіп, бөлшектерін ауыстырып, қайта пайдалану тиімді болып табылады. Көп жағдайда оның байланыс тілшелері күйіп, істен шығатын көрінеді. Өйткені тілшелерді егеп тазалаған сайын жұқаратыны жасырын емес. Сондықтан да кенет кернеу көбейгенде әлгі тілшеміз істен шығып, катушка күйіп, якоры сынып кетуі әбден мүмкін жағдай. Демек құрылғының ең нәзік тұсы осы – жұқарған тілше деген сөз. Ендеше, тұтас құрылғыны істен шығармай «өзін алдымен құрбандыққа шалып», өзге бөлшектерді сақтандыратын және артық кернеуді дереу сезе қоятын тілшенің бары қандай жақсы.

Дистанция цехында бұдан бөлек құрылғылар электрлік сипаттамаларына қарай механикалық тексеруден өткізіліп тұрады екен. Ол кезде әр бөлшек шешіліп, бұзылып, электр сымдарының бүтіндігі мен олардың жалғанған тұстарына да назар аударылады.

– Осы тұста бұл құрылғылар маған келгенге дейін реттеуші маман қолынан өтетіндігін ескеруіміз керек. Содан соң ғана күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Менің алдымда тұрған блокты жүйенің тиімділігі сол, мұнда керек кернеуді қолмен реттеп қосу арқылы, құрылғының әрбір бөлшегі жеке-жеке тексеріледі. Ал бұл ПС-220 құрылғысының электрлік сипаттамасын механикалық тексеру әдісі деп аталады, – дейді өз ісінің маманы Дәмет Дәуітқызы.

Жалпы, белгі беру-байланыс құрылғыларының талапқа сай болып, қозғалыс қауіпсіздігінің сақтауы осындай электромеханиктер жұмысына тәуелді десек, артық айтпаймыз.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты