Жаңақорғаннан – Түркісібке дейін...

ҚТЖ келбеті
17.07.2024, 16:05
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Төрт буын ұрпақтың теміржол бойында өткен кезеңін жылдардың еншісімен есептегенде ғасырға жуықтайды екен. Жаңақорған станциясынан басталған әулеттің дәстүрлі еңбек жолы Түркісібке дейін жалғасып жатыр.  

Тұтас еңбек дәуірі кейіпкеріміз Ердәулеттің арғы атасы Төлектен басталады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Сыр бойындағы Аққұм, Жаңақорған станцияларында пойыз құрастырушы, машинист болып жұмыс істеген ардагердің Жеңісті жақындатуға қосқан үлесі өлшеусіз.

Ұлы Отан соғысы жылдарында теміржол арқылы майдан даласына қару тасыды, азық-түлік жеткізді, адамдарды эвакуациялады. Орталық Азия мен Қазақстан жолдарындағы жүк тиеудің үлес салмағы 1940 жылғы 7,9 пайыздан 1942 жылы 15,1 пайызға артты. Республика темір жолдары бойынша тек Қазақстан мен Орталық Азияға шамамен 1,5 миллион тұрғын эвакуацияланып, құрал-жабдықтар мен 308 кәсіпорын көшірілді. Әсіресе, соғыстың бірінші кезеңінде, республика теміржолдарының рөлі орасан зор болды.  

– Тегіміз – Төлеков, теміржолдағы әулеттің еңбек жолын арғы атамыз бастап берді. Біз ол кісінің еңбегін, мамандығын мақтаныш тұтамыз. Содан бері бабамыздың кәсібін ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, үзбей келеміз, – деді Ердәулет әңгімесінің басында.  

Оның атасы Құрманбек те Қызылорда аймағының теміржол саласына қызмет еткен. Ұзақ жылдар Арал станциясында басшылық лауазымды атқарыпты. Ол ауылдың, ауданның басшысы ретінде де өңірдің дамуына, өркендеуіне үлес қосқан екен. Кейін Жаңақорған станциясына жетекшілік етіп, ілкімді істердің атқарылуына ұйытқы болыпты.  

«Сыр жаққа жолымыз түсе қалғанда, атамның көзін көргендерді жүздестіріп қалатынымыз бар. Олар Құрманбек атам туралы жылы-жылы естеліктер айтады. Есімін айрықша ықыласпен еске алады. Теміржолдың қыр-сырын терең білгенін әңгімелейді. Ондайда біз де ерекше сезімге бөленеміз. Біздің де мамандығымыз теміржолшы болғанына қуанамыз», – дейді немересі.  

Ердәулеттің әкесі Мырзахан Төлеков Шымкент маңында, «ҚазТемірТрансСервис» мекемесінде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген. Оның да мамандығы – теміржолшы. Қазір зейнет демалысында екен. Анасы Орынкүл Мұсаева – Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің жүк тасымалы жөніндегі жүргізуші-инженері. 38 жылдан бері осы салада еңбек етіп келеді.  

Теміржол бойында туып-өсіп, ата-ананың тәлімін көріп өскен Ердәулет Төлековтің оқу бітірген соң, басқа мамандықты таңдауы мүмкін емес секілді. Оның құлағына пойыздың дүңкілдеген дыбысы сіңген. Жасөспірім шағында талай мәрте сол пойызға мініп алып, алыс сапарға шықты. Сонда вагон ішінде алыс қырға қарап, арман қуып тербеліп жатып ұйықтап кететін.  

Бұл туралы Ердәулет Төлековтің өзі: «Кей кейде теміржолшы болмасам, кім болар едім деген ой келсе, абыржып қалатыным бар. Өйткені, жол  бойында тудым, жол бойында өстім, көрген-баққанымның бәрі ұшы-қиыры көрінбейтін осы қос рельс. Ал жолда кие бар, ие бар», – деп ағынан жарылады.  

Жалпы, Ердәулеттің өзі еңбек жолын 2006 жылы бастаған екен. Оқу орнын жаңа тәмамдаған жас маман алдымен Алматы жол бөлімшесіне барады. Алғашында Алматы-2 станциясында пойыз құрастырушының көмекшісі болған ол кейін пойыз құрастырушы, оператор қызметтерін атқарады. Теориялық білімнен соң, тәжірибелік тұрғыдан пісіп-жетіле түседі. Содан соң Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесіне ауысып, Құмшағал станциясында кезекші болады, өзге де еңбек сатыларынан өтеді.  

«Жұмыстағы белсенділігімді, біліктілігімді бағаласа керек, 2017 жылы шағын ғана Шөлдала станциясына басшылық қызметке тағайындады. Артынша Үшбұлақ станциясының басшылығына ауысып, екі жарым жыл жұмыс істедім. Кейін Луговой станциясының Түркісіб болып атауы өзгергенде, мұндағы шаруаларды жүйелеу керек болды. Тынымсыз шаруаның басы-қасында жастар жүруі керек. Осындай қағидаға сүйенген болуы керек, басшылық мені станция директорының жүк тасымалы жөніндегі орынбасары қылып бекітті», – деді Ердәулет Мырзаханұлы.  

 Теміржолшылар әулетінің төртінші буыны – Ердәулет Төлеков 2019 жылы «Үздік станция басшысы» атанып, арнайы төсбелгіге ие болған. Содан соң «100 жаңа есім» жобасына қатысып, мақтаулылардың қатарын толықтырғаны бар. Жамбыл облысынан Президенттік жастар кадрлық резервіне өткен санаулылардың бірі. Ал 2022 жылы «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

 

Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд
Жаңалықтар
10.08.2026
ҚТЖ жүк тасымалында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруды талқылады
Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді