Теміржолшылар әулеті атанған Қарымбаевтар жайлы бір үзік сыр

ҚТЖ келбеті
10.09.2024, 09:55
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Вагон доңғалақтары рельсті сарт-сұрт соққан сайын соғыстан қайтқан солдаттың да жүрегі кеудесінен шығып кетердей болып дүрсілдеген... Жолшыбай әр станцияда майданға кеткен жақынын күткен жандардың пойызға зарыға қарағанын көргенде шойын жол – үміт жолы деп түйген.

Қуаныш Қарымбаев 1947 жылы туған жерге табаны тигенде теміржолшы боламын деп шешіп, Шу локомотив пайдалану депосына келіпті. «Мен де талай жанның арманын арқалап, үмітін жаққан шойынжолдың бойынан бақытымды тапқым келеді» депті. Осы бір ауыз сөзі ауыздан-ауызға көшіп жүріп, немере-шөберелеріне де жеткен. Жұбайы Үмітжан Бегімбекова екеуі тәрбиелеп өсірген бес ұл, бір қызы, солардан тараған немере-шөберелері де бүгінде атаның үміт жолын жалғап келеді.  

Теміржолшылар әулеті атанған Қарымбаевтардың шойын жолдың бойындағы еңбек дәстүрін осылайша аталары Қуаныш бастапты. Шу локомотив пайдалану депосында алғашында паровоз, кейін тепловоз машинисінің көмекшісі болып 38 жыл еңбек еткен Ұлы Отан соғысы ардагерінің жары Үмітжан Тастанбекқызы да 14 жылын осы салаға арнапты.  

– Әкем Есенкелді отбасының тұңғышы. Алматы көлік инженерлерінің институтында инженер-механик мамандығы бойынша білім алған. 1973-2019 жылдар аралығында жұмысшы, слесарь, бригадир, шебер, технолог, өндірістік оқыту шебері, өндіріс жұмысы бойынша директордың орынбасары, бас технолог, техникалық бақылау қызметінің бастығы, диспетчер, еңбекті қорғау инженері қызметтерін атқарды. Қазір зейнеттік демалыста. Теміржол саласында 46 жыл еңбек етті. «Қамқор локомотив» ЖШС-нің «Даңқты еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған және көптеген Алғыс хаттардың, Құрмет грамоталарының иегері. Жалпы теміржолда ұзақ жыл еңбек еткен әкем болса, одан кейінгі бауырларының еңбек өтілі де аз емес, Нұржан – 41, Бақытбек – 17, Жақыпбек – 38, Құрманғазы – 35 жылға жеткен, – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл ЖТ бөлімшесі еңбекті қорғау және экология бөлімінің бастығы Медет Қарымбаев.  

Қуаныш Қарымбаевтың немересі Медет Есенкелдіұлы да 2008 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Жол қатынастары инженері» мамандығы бойынша бітірген. Теміржол саласында 15 жыл үздіксіз қызмет етіп келеді. Теміржолшылар династиясында атасы мен әжесінен кейін әулеттің үш буыны, 10 бірдей өкілі еңбек етіп келеді. Олардың жалпы еңбек өтілі – 330 жылды құрауда. Қарымбаев Қуаныштың еңбек жолын 5 ұлы, 5 немересі жалғастыруда. Теміржолшылар әулетінің даңқты еңбек жолы былтыр облыстық «Мерейлі отбасы» байқауына қонақ ретінде шақырылып, арнайы дәріптелген.  

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды