Арыстан Сарышағанға дейін...

ҚТЖ келбеті
11.09.2024, 14:09
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тоғыз жолдың торабы Арыс қаласында туып-өскен Мақсат Исаевты Сарышағанда жолықтырдық. Білуімізше, Арыс – ежелден теміржолшылар қаласы аталып кеткен ғасырдан астам тарихы бар ірі тораптық станция. Болашағын осы саламен байланыстырған білікті маманға онда мүмкіндік мол.

Рас, Сарышағанды да теміржолшылар кенті деп атайды. Жеті мыңға жуық халқы бар елді мекен тұрғындарының 70 пайыздан астамы шойын жолдан табыс тауып отыр. Десе де, ауқымы мен мүмкіндігі жағынан Арыспен салыстыруға келмес. Сондықтан Мақсатқа алғашқы сауалымыз «Бұл жерге қалай келдіңіз?» болды. Кейіпкеріміз әңгімені әріден бастады.  

– Теміржолшының еңбек және өмір жолы тура осы шойын жолдың өзі секілді. Қай кезде қайда бастап апарарын, қай жерде қандай еңбек ұжымымен жолы түйісерін білмейді. Сенім артып, жауапкершілік жүктесе, шақырған өңірге барады, белді бекем буып, қызмет етеді. Әкем Сейдалы Сәметұлы ШЧ-38 – Арыс белгі беру және байланыс дистанциясында электромонтер болып 42 жыл, анам Райхан Сарманқызы Арыс вагон пайдалану депосында вагон қараушы болып 32 жыл жұмыс істеген. Олардан тараған 8 ұл-қыз түгел осы саланы таңдадық. Екі ағам – Астанада, біреуі – Қызылордада, тағы бірі – Ақсу-Дегелеңде, басқалары Арыста еңбек етіп жүр, – деді  Сарышаған белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкері.

Мақсат Исаев 1999 жылы Тараз қаласында электромеханик курсын бітірген соң жұмысқа орналасып, өндірістен қол үзбей Алматыдағы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында оқып, 2006 жылы жоғары білім алады. Шанақ-Шеңгелді учаскесінің аға электромеханигі, Арыс 2-Құмшағыр учаскесінде телім бастығы қызметтерін атқарды. 2012 жылы Сарышаған белгі беру және байланыс дистанциясы директорының орынбасары лауазымына тағайындалып, 2016 жылдан бері бас инженер болды. Қазір орталық лабораторияда төл құжаттар бөлімінің бастығы.  

– Бұл сала да әскери қызмет секілді. Сенім артып, қайда шақырса сонда барасың. Теміржолшылар қаласынан теміржолшылар кентіне осылай келдім, – деді Мақсат Исаев.

Мақсат Сейдалыұлы әулетте кенже ұл екен. Алты ағасы, екі әпкесі де тағдырын теміржолмен байланыстырған. Жұбайы Айгүл, қызы Сәулет пен үлкен ұлы Әділет те теміржолда бірнеше тәжірибе жинап үлгерген мамандар. Тек кенже ұлы ғана қазір Астанада теміржол колледжінде білім алып жатыр. Бүгінде Исаевтар әулетінің 20-ға жуық мүшесі шойынжолда тер төгіп жүр екен, тұтас еңбек өтілдері – 354 жыл.

Жалпы, басқа салаға қарағанда теміржолда еңбек дәстүрі мен ұрпақтар сабақтастығы нық сақталатынын байқауға болады. Президент Жолдауында айтылған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатының нағыз көрінісі – осы шойын жолдың бойында десек, қателеспейміз.

 

Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды