Құрықтың қақпасы – Қарақия

Фоторепортаждар
22.07.2019, 10:02
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Маңғыстау мен Өзен-Болашақ станциялары аралығында жатқан маңызды темір жол нысаны Қарақия станциясының тарихы сонау 1965 жылдан бастау алады. Осы бағытта жүк тасымалын қамтамасыз ететін төртінші класты станцияда 30-ға жуық теміржолшы еңбек етеді. 

Станция бастығы Абай Зейнелғабитовтің айтуынша, бұрын Ералы станциясы деп аталып келген бекет атауы Үкімет қаулысымен 2017 жылы Қарақия деп өзгертілген. Мұндағы теміржолшылардың қатарын жолшылар, вагон қараушылар, пойыз құрастырушылар, 4 станция кезекшісі, 3 жүк қабылдап-тапсырушы, 1 тауар кассирі құрайды. Осы құраммен олар Қарақиямен қоса Боржақты және Ерсай станцияларындағы жүк тиеу мен түсіру жұмыстарына атсалысуда.

– Қарақия – шағын болса да маңызы зор станция. Бүгінде ол стратегиялық маңызға ие Құрық портының қақпасы сынды роль атқарып отыр. Жүктің дені Теңдіктен келетін жанар-жағармайды Құрыққа маневрлік жұмыстар арқылы вагондармен жеткізіп береміз. Сондайақ, біз жүк пойыздарын уақытында жеткізіп, қадағалау, одан әрі Жетібай станциясына, Өзен станциясына бағыттаймыз. Сонымен қатар ауыл халқын Шетпеден келетін су цистерналары арқылы ауыз сумен қамтып отырмыз, – дейді станция бастығы.

Бүгінгі таңда Қарақия станциясын да жүк қабылдап-тиейтін 3 жол және 7 тұйық бар. Жыл басынан бергі 6 ай ішінде станция арқылы 100-ге жуық жүк вагоны түсіріліп-тиеліпті. Келетін жүктердің қатарында Құрыққа бағытталатын жанар-жағармайдан басқа Қарақия ауданының орталығы Құрық кентінде салынып жатқан жаңа нысандар үшін құрылыс материалдары бар.

Станцияның өзінен Қазақстанның барлық өңірлеріне бағытталатын техникалар тиеледі екен. Жақында мұндағы теміржолшылар Боржақты станциясында ауыр салмақты габаритті емес жүктер тиеу жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар әскери жаттығулар кезінде де ауыр әскери техникалар түсіру жұмыстарына араласады. 500-ге жуық халқы бар Қарақияда бір балабақша, бір бастауыш мектеп жұмыс істеп тұр. Станция бастығының айтуынша, станция өмірінде жылда болатын жақсы жаңалық – «Жәрдем» пойызы келіп, халыққа қызмет етеді. Бұл медициналық пойызды жыл сайын халық сағынып күтеді екен. Алдағы қыркүйек айында келетін пойызды күн санап күтіп жүргендер бар деп күлді станция бастығы.

Салалас кәсіпорындарда еңбек ететін отызға жуық теміржолшы илегендері бір терінің пұшпағы болған соң сенікі-менікі деп санаспай бірбіріне көмектесіп, жұмыла жұмыс істеп, соның нәтижесінде қозғалыс қауіпсіздігіне титтей де нұқсан келтірмей келеді. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?