Жүк құрамдарының қауіпсіздігі қымбат

Фоторепортаждар
09.08.2019, 17:23
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесіне қарайтын кластан тыс ірі тораптық станция Балқаштың биылғы бірінші жартыжылдықта қол жеткізген жетістігі көз қуантарлық. Станция бастығы Аманжол Омаров бұл белгіленген тапсырманың орындалуына барын салатын тәжірибелі персоналдың арқасы деп біледі.

Жүк тиелімі бойынша тапсырма 1689 вагонға немесе 132,1% орындалып отыр. Ал тоннаға шаққандағы көрсеткіш те 135,4%-ке жетіп жығылады. Десек те, жүк тиелімінің жоспары межесінен асыра орындалғанымен, өткен жылдың деңгейінен төмен болып отырғанын жасырмайды станция басшысы. Станция аумағынан тиелетін негізгі жүктер, мыс, түсті кен, күкірт қышқылы, қара металл сынықтары. Статистикалық жүктеме де жүз пайыздан асыра орындалған.

– Жүк түсіріліміне келсек, бұл бағытта да алған асуымыз биік. Жүк түсіру жоспары 1409 вагонға артық орындалып, 103%-ті құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда да 110% артық болып отыр. Сандық және сапалық көрсеткіштердің орындалуы вагондардың клиенттерге уақытылы беріліп, жұмыс процесінің дұрыс ұйымдастырылуына да байланысты десек, артық айтпас едік. Осы тұрғыда, біз бұл шаруаны ұтымды ұйымдастыра алдық. Мәселен, жүк операцияларына бергенге дейін жергілікті вагонның кідіріп тұруына жоспар бойынша 3,83 сағат берілсе, бізде вагонның жұмыссыз тұруы 3,04 сағатты құрады, яғни біз 0,79 сағатты үнемдей алдық. Жүк операциялары кезінде де, жөнелтуді күтіп тұру уақытын да қысқартып, жергілікті вагонның жұмыссыз тұру уақытын 9,23 сағатқа азайтып, тапсырманы 150% орындадық. Өткен жылмен салыстырғанда да ілгерілеу бар, жоспардың орындалуы 124%. Сонымен қатар өңдеуден өтуді қажет және қажет етпейтін транзиттік вагондардың кідірісі де қысқартылып, жоспар жүз пайыздан асыра орындалды. Жүк айналымының орындалуы вагон айналымына байланысты десек, бұл бағытта да тапсырма тыңғылықты орындалып отыр. Айталық, бастапқы тапсырма бойынша берілгені 1909 вагон болса, орындалғаны 2141 вагонды құрап, жоспар 112% деңгейін көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда да бұл маңызды көрсеткіш 114% құрап отыр, – дейді Аманжол Омаров.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету Компанияның басты талабы екені белгілі. Балқаштықтар бұл талап үдесінен де табылып келеді. Биылғы жылдың алты айында пойыздарды қабылдау, жөнелту, өткізу және маневрлік жұмысы барысында қозғалыс қаупсіздігі толық сақталып, пойыздық және маневрлік жұмыстар кезінде ақауларға жол берілмеген, сондай-ақ, вагон паркінің сақталуы толық қамтамасыз етілген. Әрине, қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы жол, СОБ, байланыс құралдарының, вагондардың техникалық жағдайына тікелей байланысты. Сондықтан ай сайын жүргізіліп тұратын комиссиялық тексерістер қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Мысалы, есепті мерзім ішінде Балқаш-1 станциясы бойынша комиссиялық айлық тексеріс барысында 744 кемшілік анықталса, соның басым бөлігі жол мекемесіне, 32-і белгі беру-байланыс, 4-уі вагон пайдалану депосына, 15-і станцияға тиесілі екен. Мұндай олқылықтар Балқаш-2 станциясынан да табылған. Әрине, бұл кемшіліктердің дер кезінде жойылуы тиісті мекеме басшыларымен бақылауға алыныпты.

Станцияда жүк бөлімінің қызметкерлерімен пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты тексерістер жүріп, жүк цехының еңбеккерлерімен техникалық сабақтар өтіп тұрады. Техсабақтарды станция бастығы ретінде мен, менің логистика жөніндегі орынбасарым өткізіп тұрады. Біз онда жоспарланған тақырыптардан бөлек «ҚТЖ-ЖТ» АҚ тарапынан және жол бөлімшелерінен келіп түскен жеделхаттарды талқылаймыз. Сабаққа қатысушылардан тест түрінде есеп аламыз. Станциялық және коммерциялық есеп беру нұсқамасына сәйкес станцияда «Ревизорлық ескертулер кітабы» жүргізіліп келеді. Ал еңбек қорғау мәселесіне келсек, алты айда Балқаш-1,2 станцияларында өндірістік жарақаттану оқиғалары болған жоқ. Сонымен қатар, станция қызметкерлеріне бастапқы, жоспардан тыс, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізіп тұрамыз. Әрбір жұмыс орнында «Еңбек қорғау бойынша бұрыш» ұйымдастырылған. Онда нормативтік құжаттар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қазіргі қолданыстағы бұйрықтары, еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша қызметтік нұсқаулықтар, қала берді жарақаттану оқиғаларына шолулар, есепке алынған және алынбаған бақытсыз оқиғаларға қатысты жазбалар, тағысын тағы ақпараттық парақшалар орналасқан. Сонымен қатар «алғашқы қыстаушылармен» техникалық сабақтар өткізіп, тәжірибелі мамандар қасына бекітіп отырмыз. Оларға жоспардан тыс және жоспарлы сабақтар барысында теміржолда жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау, қауіптілігі жоғары аймақта жұмыс істеу барысында еңбектің қауіпсіз тәсілдерін қолдану, қыс маусымында станцияда жұмысты ұйымдастыру сияқты көптеген тақырыпты қамтып, оқытып үйретеміз. Біз үшін ең бастысы, жүк құрамдарының қауіпсіздігі қымбат, ал оны жүзеге асыратын – теміржолшылар, – дейді станция бастығы.

Биылғы жылдың басында станцияда «Қауіпсіздік күнін өткізу бойынша комиссия құру туралы» бұйрық аясында комиссия құрамы бекітіліпті. «Қауіпсіздік күні» филиалда он күн сайын өтіп тұрады. Тексеріс нәтижесі акт рәсімдей отырып, Өндірістік қауіпсіздік журналына жазылады. Сонымен қатар «Өндірістік қауіпсіздік саласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарында қауіпсіздіктің мінездік диалогы» стандарты негізінде жұмыс тобы құрылып, қауіпсіздік мінездік диалогын өткізу кестесі жасалған. Мінездік диалог аптасына бір немесе кейде екі рет тұрақты түрде өтіп тұрады. Бұл диалогтың мақсаты, өндірістік қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру, қызметкерлердің қауіпті әрекеттерінің себептерін және жұмыс орындарындағы қауіпті еңбек жағдайын анықтау, сондай-ақ, әлеуетті қауіпті әрекеттерге алғышарттарды, қауіпсіздік талаптарынан ауытқушылықтарды анықтау және оларды жою, алдын алу бойынша шаралар қабылдау екен. Бұл әңгімелесулер жай ғана жүргізіліп қоймай, ай сайын жиынтық талдау жасалады екен. Еңбек қауіпсіздігі талаптарына сай станция еңбеккерлері ауысым алды медициналық тексеруден өтеді. Сондай-ақ қоймаға келіп түсетін арнайы киім, аяқкиім және жеке қорғану құралдарының сапасына бақылау жасайтын комиссия құрылған. Себебі, қауіпсіз еңбек үшін қажетті жағдайды орындаудағы басты проблема, станциялықтардың сапалы киім мен жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілмей отырғаны көрінеді. 

Жаңалықтар
15.08.2025
Гана азаматы темір жол нысанында заңсыз жұмыс істеп келген
Жүк тасымалы
15.08.2025
Қазақстан Еуразияның басты көлік торабына айналуда
ҚТЖ келбеті
15.08.2025
Ұжымға сыйлы, мамандығына адал тұлға
Әлеумет
15.08.2025
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы солтүстікті аралап жүр
Жаңалықтар / Мұрағат
15.08.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 15 тамыз 2025 жыл
Аймақтар
14.08.2025
Вокзалда туристерге QR-код таратылды
Қауіпсіздік
14.08.2025
Апат айтып келмейді
Инфрақұрылым
14.08.2025
Жуалыда теміржол асты көпірі кеңейтіліп, жаңғыртылуда
Әлемде
14.08.2025
Қытай Тибетте тағы бір теміржол салмақ
Спорт
14.08.2025
Абай тойында теміржолшылар топ жарды
Аймақтар
13.08.2025
Төретам станциясында жүк айналымы артып келеді
Әлемде
13.08.2025
Сянлушань станциясынан Еуропа мен Орталық Азияға жаңа бағыт ашылды
Жаңалықтар
13.08.2025
Мәдени мұра ізімен: Jibek Joly туристік пойызы кезекті турға аттанады
Аймақтар
12.08.2025
Батыс Қазақстан облысында төрт теміржол вокзалы жаңғыртылады
Жүк тасымалы
12.08.2025
Достық станциясында Қытайға экспорттық жүктерді беру бойынша рекорд орнады
Цифрландыру
12.08.2025
Сандық технология – уақыт талабы
Цифрландыру
12.08.2025
Бәйгеқұм станциясында автоматтандырылған шлагбаум орнатылуда
Инфрақұрылым
12.08.2025
Тараз вокзалының қос қабаты түгел жаңарады
Жаңалықтар
12.08.2025
Теміржол тарихына саяхат
Жаңалықтар / Мұрағат
12.08.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 12 тамыз 2025 жыл