Мыңбала станциясына қош келдіңіз

Фоторепортаждар
17.12.2020, 11:41
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«Жезқазған-Бейнеу» темір жолының құрамдас бөлігі Сексеуіл-Қоскөл телімі бойында күні кешеге дейін Промежуточный аталып келген станция болды. Ол енді Аңырақай шайқасында мың баладан қол жинап, жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен Сартай батыр бастаған жаужүрек өрендер құрметіне «Мыңбала» атауын иемденіп отыр.

Тұран топырағында қандастарынан қол жиып, жаудың мысын басқан Сартай батыр есімінің Мыңбала болып түрленіп тарихқа енуі – Тәуелсіз елдің жаңа тарихының бір беті. 

Қазақтың биі әрі батыры Сартай Байжанұлының қоғамдық-саяси қызметін тарихи тұрғыдан Қазақ тарихындағы алатын орнын зерделеп зерттеу тарихшылардың еншісінде. 

Біздер тек Мыңбала станциясының Қызылорда ЖТ бөлімшесіне тиесілі екенін мақтаныш етеміз. 

2014 жылдың тамызында пайдалануға берілген «Жезқазған-СексеуілБейнеу» темір жолының Сексеуілден Қоскөлге дейінгі 271,3 шақырымы Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарайды. 

Сол жылдары осы телім бойында Қарашеген, Абай және Промежуточный деп аталған 4 станция және 10 бекет салынып, қолданысқа берілді. Сол күннен бастап жаңа жолмен Қытай, Таяу Шығыс елдерінің және өз еліміздің орталық өңірлерінен тиелген жүк құрамалары Иран, Кавказ бен Еуропа елдеріне жол тартуда. 

– Телім бойындағы төрт станция мен он бекетте тұрғын үйлер, ЭЦ посттары, СОБ және байланыс объектілері, электр нысандары, станциялардағы вокзал ғимараттары, КТСМ пункттері, өртке қарсы резервуарлар, қар мен құмнан қорғау төсеніштері, жылу қазандықтары іске қосылып, жұмыс жасауда. Телім теміржолшылары вахталық ауысым тәсілімен жұмыс жүргізіп, жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтап еңбек етуде. Осы телім бойындағы Промежуточный станциясының атын «Мыңбала» деп өзгерту көпшіліктің сұранысымен қолға алынды, – дейді Қызылорда ЖТ бөлімшесінің техникалық бөлім бастығы Жарқынбек Рсымбетов. 

Мыңбала станциясының аты берілу үшін жергілікті тұрғындардың өтінішіне байланысты құзырлы органдарға құжаттар жөнелтілген. 

Осындай ресми құжаттың бірі Қарағанды облысының ономастикалық комитетіне, Ұлытау аудандық мекемесіне жолданып іс-шаралар жасалған. Нәтижесінде компания басшылығының қолдауымен Промежуточный станциясына Мыңбала есімі берілді. 

Қазіргі таңда станцияларда вокзалдардан бөлек теміржолшыларға арналып салынған қос пәтерлі тұрғын үйлер мен салалық кәсіпорындар объектілері рет-ретімен бой түзеп, кешеге дейін құлан жортар маң далада ірге көтерген станцияларды көріктендіріп тұр. Жаңа телім бойына КТСМ пункттері, ТОБЖ (ВОЛС-талшықты оптикалық байланыс желісі) тартылып, тиісті нүктелерге ZTE (DWDM), Motorola (Тетра) құрылғылары, IP-ТС ақпар құралдары, СОБ МПЦ Ebilok-950 жүйелері орнатылған. Жаңа телімнің заманауи байланыс желілері жұмыс бабына келтіріліп, барлық учаске бойында жұмыс атқаруда. ВЛ АБ, ПЭ және АБ-ПЭ секілді түрлі кернеулі электр күшімен жабдықтау желілері мен пойыздардың қозғалысын реттеуге қажетті бірнеше нысан жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтауды арттыруға қалтқысыз қызмет етуде. 

Жер көлемі жағынан Қарағанды облысына қарасты, бөлімше бойынша Қызылорда ЖТ бөлімшесіне тиесілі Промежуточный станциясының атын «Мыңбала» деп өзгерту биыл – Тәуелсіздіктің 29 жылдығы қарсаңында жүзеге асты. 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда