Оқушыларға темір жолдағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Қауіпсіздік
18.10.2022, 10:10
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе локомотив пайдалану депосының қызметкерлері темір жолға жақын маңда орналасқан мектептерге барып, оқушыларға қауіпсіздік дәрісін өткізді. Шара желілік полиция қызметінің әкімшілік бөлімі инспекторларымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Қауіпсіздік акциясы – теміржол мекемелерінде жиі өткізілетін шараның бірі. Себебі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге аптаның 7 күн, 24 сағатын арнайтын теміржолшылар үшін бұл маңызды бағыттардың бірі болып қала береді.  

Бұл жолы қаладағы № 42 мектепке барып, теміржол бойында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі және олардың қатысуымен болатын құқықбұзушылық әрекеттердің өзектілігін сөз еткен локомотившілер әсіресе теміржолды кез келген жерден кесіп өтем деп арандап қалатындар іс-әрекетіне баға беріп, оның салдарына тоқталды. Жылжымалы құрамның астынан өтуге, жылжып келе жатқан пойыз жанымен, жолаушылар платформасы бойымен жүгіруге, вагондарға жабысуға тыйым салынатыны түсіндірілді.  

Сонымен қатар, қазір жасөспірімдердің әлеуметтік желіде танымал болу үшін барлық әрекетке баратыны да сын болды. «Тик-токта тренд боламын» деп теміржол бойында түрлі әрекеттер жасап, вагонның үстіне шығып кететіндер де жоқ емес. Мұндай әрекеттердің қаншалықты қауіпті екенін нақты мысалдармен түсіндірген локомотившілер балалар пайдасыз істермен әуестеніп, өз өмірін тәуекелге тікпеуі керек екенін қатаң ескертті. Мамандар қауіпсіздік ережесін білген және оны қатаң сақтаған әрбір жан мұндай әрекеттерден аулақ болып, өз өміріне жауапкершілікпен қарайды деді. Түсіндіру жұмыстары мектептің бірнеше сыныбын қамтыды.

Ақтөбе локомотив пайдалану депосының өндірістік қауіпсіздік және экология секторының маманы Қайрат Данияров пен депоның аға кезекшісі міндетін атқарушы Мұрат Есмурзаев желілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп қауіпсіздікті қадағалаған комиссия құрамында теміржол бойындағы жаяу жүргіншілер көп өтетін орындарда тұрған радио қондырғылардың дыбыс зорайтқышының жұмысын да тексерді.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды