Қысқа дайындық пысықталуда

Қауіпсіздік
18.10.2022, 11:01
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының биылғы жұмысында біраз ілгерілеушілік байқалады. Қауіпсіздікке нұқсан келтіретін факторлар да азайған. Жақында күзгі комиссиялық байқаудан өткен мекеме үш тоқсанды да оң қорытындылап отыр.  

Биыл рельс тізбектерінің ақаусыз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Бейнеу мен Маңғыстау аралығында Сапа эталонына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Телім бастығы А.Бабакуловтың ұйымдастыруымен бұл жұмыс әлі де жалғасуда. СОБ қондырғысы, соның ішінде жол қорапшалары мен литерлік белгілер сырланып, жөнделуде. Дистанция мамандарының айтуынша, литерлік белгілердің жаңаруына әсіресе машинистер риза. Себебі сырланып, жөнделген белгілер анық байқалып, жақсы көрінуде екен.  

– Станция мен бекеттердегі автоматты басқару жүйесін, СОБ қондырғыларын, байланыс, радиобайланыс жабдықтарын және КТСМ құрылғыларын күтіп ұстау, сонымен қатар олардың ақаусыз жұмыс жасауын қамтамасыз ету бағытында биыл аз жұмыс атқарылған жоқ. 198 шақырымдағы блок постта контактілі КПТШ-515 блогы заманауи ТМ -15 блогына ауыстырылды. СОБ кабельдеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жер бетіндегі муфталар сапасы жоғары СЦБС жерасты муфтасына ауыстырылды. Сонымен бірге СОБ, байланыс, КТСМ, ҮАЛС, радиобайланыс қондырғылары түгел тексеруден өткізіліп, күзгі байқау аясында қысқа дайындық жұмыстары пысықталуда, – дейді Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Кеңғали Асқанбаев.

Дистанция басшысы алдағы жоспарларымен де таныстырды. №16 бекетте бұған дейін электрлік орталықтандыру постының орнына жұмысшыларға барлық жағдайы жасалған модульдік ғимарат орнатылған болатын. Енді СОБ, байланыс, радиобайланыс қондырғыларын осы ғимаратқа ауыстыру жоспарланыпты. 17 қазаннан 10 қарашаға дейін №16 бекет толық орталықтан ажыратылып, осы жұмыстар жүргізілмек. Оған қоса алдағы уақытта «Р» және «Тамақ» бекеттерінде дауыс үдеткіш құрылғысы жаңа микропроцессорлы қондырғыға ауыстырылатын көрінеді.  

Айта кетейік, дистанцияда өткен жылдың тоғыз айында тоғыз ақауға жол берілсе, биыл жеті ақау орын алған. Яғни, екі ақауға болса да азайған.

 

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл