Өрт сөндіру пойызының ұжымы дайындықтарын пысықтады

Қауіпсіздік
01.11.2022, 10:53
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты №31 Қызылорда өрт сөндіру пойызының ұжымы Қызылорда станциясының кірме жолында тұтанған өртті 28 минут ішінде ауыздықтап, апаттың алдын алды.

«Жүк вагонында тұтанған өртті сөндіру» тақырыбында жергілікті өрт ұжымдарымен бірлесіп өткізген өрт-тактикалық оқу-жаттығу кезекті шеберлікті шыңдау сабағы болды. Тілсіз жауды ауыздықтауға Қызылорда өрт сөндіру пойызынан, Әскерилендірілген теміржол күзетінен, Қызылорда станциясынан, Қызылорда локомотив пайдалану депосынан жалпы саны 62 адам қатысып, 8 техника жұмылдырылды.  

– Қызылорда станциясының кірме жолындағы жанармай құйылған жүк вагонында өрт тұтанғаны жайлы дабыл түскен сәттен бастап өрт сөндіру пойызының оқиға орнына жетуі, өрт сөндіруге дайындығы, әрі қарайғы іс-әрекеті секілді барлық талаптар сауатты атқарылып, тілсіз жауды ауыздықтауға берілген шартты уақыт ішінде ауыздықталды, – деп мәлімет берген Қызылорда өрт сөндіру пойызының бастығы Рыспек Шадаев әріптестерінің оқиға орнына жедел жетіп, әбжіл қимылдаудағы іс-әрекетін жоғары бағалады.  

Тактикалық оқу-жаттығу станцияның маневрлік диспетчері Ғ.Әбішевтің 11 сағат 30 минутта вагонның түтіндегенін хабарлаған дабылынан басталған. Бір минут өткенде №11 бұйрық бойынша Қызылорда өрт сөндіру пойызына оқиға орнына келуге пәрмен беріліп, 3 минут ішінде машинист Сайлаубаевтың басқаруындағы ТЭМ-2 тепловозымен Өрт сөндіру пойызы оқиға орнына жеткізілді. Бұл кезде 11 сағат 38 минут болған. Бір минут оқиға алаңын барлап, дайындық жасаған құрам жедел іске кірісіп, 11 сағат 57 минутта өрт сөндірілгені жайлы рапорт берді. Жалпы жүк вагонындағы енді тұтанған өрт 16 минутта сөндірілгенмен, маневр диспетчерінің хабарынан кейін 28 минут уақыт өтті.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда