Жол бойындағы келеңсіз жайттар екі есе төмендеген

Қауіпсіздік
29.11.2022, 09:44
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі бойынша жыл басынан бергі уақыт аралығында пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына, апат және тосын оқиғалардың тіркелуіне жолберілген жоқ. Аймақ теміржолшылары КТСМ құрылғысымен 308432 жылжымалы құрамды бақылаудан өткізген.

Жылжымалы құрамдағы жүк вагондарының жағдайын бақылайтын УКСПС, КГУ, КЛУБ құрылғыларының жұмыстан тыс қалу жағдайлары тіркелмеген. Дегенмен жол құрылғыларының істен шығуы, рельс үстіне бөгде заттың қойылуы жағдайлары орын алған. Жол жағалай жүретін бөгде адамдардың, малдың жолға шығып кету кінәсінен тепловоз машинистерінің жедел тежегіш қолдануы биыл 61 рет тіркелсе, өткен жылдың есепті мерзімінде 136 мәрте тіркеліпті. Келеңсіз жайттардың екі еседен көп төмендеуі – жағымды көрсеткіш. Бөлімшенің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Бақытбек Сәрсенов қозғалыс қауіпсіздігін сақтау – ең басты міндет, сондықтан осы бағытта іс-шаралар тұрақты жүргізіліп жатқанын айтады.  

– Жыл басынан бері осы уақытқа дейін қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып келеді. Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру үшін Қызылорда, Сексеуіл және Қазалы жол дистанцияларының басшыларына күнделікті атқарып жүрген жұмыстарына қосымша тапсырмалар жүктелді. Яғни, станция, бекет және жол бойына жақын маңдағы елдімекен тұрғындарымен кездесіп, теміржолдың аса қауіпті аймақ екендігін түсіндіру, рельс үстіне бөгде зат қою, жол бойы нысандарын жымқыру және зиян келтіру қылмыс екенін, тиісінше, жазасы да ауыр болатынын түсіндіру шаралары міндеттелді. Сонымен қатар рельс тізбектеріндегі кемшіліктерді орнына келтіруде орта буын басшылықтың жауапкершілігі арттыруға, жол тексеру құрылғылары ПС, МДК-мен анықталған кемшіліктердің сапалы орындалуын бақылап тексеруге басымдық берілмек. Осы сияқты басқа да жұмыстар қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жол бермей, жылды жақсы дәрежемен аяқтауға мүмкіндік береді деген ойдамыз, – дейді қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты маман.  

Сонымен қатар дистанциялардың жұмыскерлеріне және орта буын басшыларына рельс тізбектерінің жағдайын ай сайын тексеру, техникалық, теориялық тәжірибені шыңдау мақсатында теміржолшылармен өткізілетін техникалық сабақтардың сапасын жетілдіру, құрылғылар мен саймандардың уақытынан бұрын жарамсыз халге түспеуі үшін дер кезінде бабына келтіру, КИП жұмысын бақылау, құрылғылардың уақытылы алмастырылуына бақылау жасау секілді жауапты жұмыстар тапсырылған. Иесіз малдың жол бойына жайылуын тоқтату, бөгде адамдардың жол жағалай бейсауыт жүруін азайту мақсатында өңір бойынша жергілікті тұрғындармен 257 рет кездесу өтіп, профилактикалық шаралар жүргізілген.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда