Белкөл станциясында өндірістік жұмыстар жоғары деңгейде орындалды

Қауіпсіздік
24.01.2023, 11:17
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда темір жолының Белкөл станциясында пойыздар қозғалысы күндіз-түні бір тынбайды. Облыс орталығына іргелес жатқан станция болған соң мұнда жұмыс көп, бірі келіп, бірі кетіп, енді бірі өтуге кезек күтіп тұрған құрамдар легі толастамайтын Белкөл бейне бір қалаға кірер қақпа сынды.

Бекет теміржолшылары өздеріне жүктелген міндет пен жауапкершілікті жақсы түсінеді. Станция бастығы Кенжебек Өтегеновтен бастап ұжымның әрбір мүшесі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етуде.  

– Өндірістік жұмыс көрсеткіштерінің жоғары деңгейде орындалуы бүкіл ұжымның ортақ жұмысының нәтижесі, жалғыз-жарым адамның жұмысымен табысқа жету мүмкін емес. Бөлімше мен компания басшылығының бекіткен жоспарына сәйкес өзімізге бекітілген міндеттемелерді орындау үшін жұмысымызды ең алдымен қатаң талапқа негізделген тәртіпке құрамыз. Өндіріс болған соң онсыз болмайды. Қадам басқан сайын қауіп-қатермен бетпе-бет келетін салада сақтық шараларын қатаң сақтау – бұлжымас қағида. Ал біздің станцияда кездейсоқ адам жоқ, бәрі де жылдар бойы осы жерде шыңдалған кәсіби мамандар, – деді Белкөл станциясының бастығы Кенжебек Өтегенов.  

Бекеттің солтүстік алқымында пойыз құрастырушылар Кенжебек Малайдаров пен Қадырбай Ұлықбаев вагондарды құрамға дайындап жатса, жүк қабылдап-тапсырушылар Әсем апа мен Гүлзира Тлеумбетова, аға тауар кассирі Жанар жүк құжаттарын реттеп жатыр. Станция кезекшісі Баян Ерекеева мен кезекші оператор Сәбит Тобашев бекеттегі бүкіл қозғалысты басқарып отыр. Тапсырыс берілген вагонды дер уақытында тиеп жіберіп, келген жүкті түсіріп алу – басты міндет.  

– Айына екі рет қауіпсіздік сабағын өткізіп, орын алған кемшіліктерді талдап, оның қайталанбауы үшін алдын алу шараларын енгіземіз. Өндірістік жұмыстар ырғағы бұзылмай, еңбек қорғау мен қауіпсіздікті сақтау басты назарда тұр, – деді бекет басшысы Кенжебек Өтегенов.  

Өткен жыл белкөлдіктер үшін табысты болды. Өндірістік көрсеткіштерін көтеріп, жылдық межені 104-113 пайызға жеткізген олар жоспарды асыра орындаған.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда