Машинистер жол бойындағы келеңсіздіктің алдын алуға барынша тырысуы керек – Прокуратура

Қауіпсіздік
30.01.2023, 11:03
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қай кезде де қылмыстың орын алғанынан оның алдын алу маңызды. Атырау локомотив пайдалану депосының машинист бригадаларымен кездесуге келген көлік прокуратурасы қызметкерлері осындай тұжырым айтады.  

Прокуратура қызметкерлерінің арнайы тексерісі нәтижесінде өңірде 8 адамның жасанды дипломмен жүргені анықталған. Яғни, ҚазАТК оқу орнының жалған дипломымен жұмыс істеген. Оларға тиісті жаза қолданылған. Әйтсе де, жалған диплом сатып алуға әуестенуішілік әлі де бар. «Ерте ме, кеш пе өтірік түбі ашылады. Жалған диплом рәсімдегендер де, оны сатып алған адамның әрекеті де қылмыс, оны біле тұра көзжұма қарағандардың әрекетін де ақтауға болмайды.  Қылмысты жасыру да – қылмыс  саналады. Ондай әрекетке бармаңыздар, одан да  өндірістен қол үзбей қазіргі заманға сай қашықтан оқыту жүйесін пайдаланып, заңды диплом алып, қай күні қылмысым ашылады деп қуыстанбай жұмыс істеген дұрыс. Бәрі заң жүзінде болуы тиіс»,  дейді прокурорлар.  

Заң органы өкілдері, сондай-ақ  темір жолдағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесін көтерді.  Әсіресе, тепловозбен мал басу, тіпті адам қағу оқиғаларының себеп-салдарына тоқталды.  Мысалы, былтыр Ақжайық станциясында адам басудың екі  фактісі тіркелген. 6 шілде күні тапа-тал түсте Ақжайық-Теңдік аралығында Е.Базарбай есімді жас жігітті теполовоз қағып, мерт қылды. «Машинист сигнал берумен ғана шектелген. Тепловозды шұғыл тежегенде мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алуға болатын ба еді» дейді қадағалаушы орган өкілдері. Машинистің түсіндіруінше, жас жігіт сигналды естімеген, құлағында наушник болған. Сондай-ақ, станцияда әйел адамды тепловоз қағып кеткен оқиғаны  тиісті органдарға хабарламай, яғни  қылмысты жасыру фактісі орын алған. Оның жай-жапсары ауруханаға барған құқық қорғау органының өкілдері  оқиғаның мән-жайына қаныққаннан кейін ғана мәлім болған.  

Прокуратура өкілдерінің атап өткеніндей, машинистер қашан да ең алдымен адам өмірін жоғары қоюы керек. Сигнал бердім, естімеді деп адамды басып өткенше келеңсіздіктің алдын алуға барынша тырысқан жөн.    

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары Самат Қалмұқанов айтылып жатқан сын-ескертпелерден қорытынды шығару керектігін айтты. «Ата заңымызда жазылғандай адам өмірі – ең басты құндылық. Сондықтан жолда кетіп бара жатқанда, станция басындағы маневр кезінде машинистер өте сақ болуы тиіс. Әрине, жүздеген тонна жүк тиеп қатты келе жатқан пойызды шұғыл тежеу қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін. Жүк пойыздары кемінде 300-500 метрге дейін сырғанап барып тоқтайды. Сондықтан алысты шолып, жан-жаққа қырағы көзбен қарап отыру қажет. Жалпы бүгінде машинистердің еңбек жағдайы жаман емес. Жұмыс алды, ауысымнан кейін медициналық тексеруден өтеді, демалу уақыттары, режимі сақталады, еңбекақылары жыл сайын көтеріліп келеді,  биыл қаңтарда 5 пайызға тағы өсті» деп атап өтті ол.  

Ал машинистер мал мен жанның темір жолды кез келген жерден кесіп өтіп, қозғалысқа кедергі келтіретініне шағымданды. Мысалы, Атырау станциясында  сонау 70-ші жылдары салынған жаяу жүргінші көпірі бар. Атырау станциясының бастығы Алтай Көбегеновтың айтуынша, бүгінде ол жердегі Контейнерный ауылы өсіп, көпір бір шетте қалған. Ал  ауыл тұрғындары, әсіресе балалар, темір жолдың арғы бетіндегі мектепке қатынау үшін бір шақырым жерде орналасқан өткелден өтпей, үйлерінің тұсынан темір жолды кесіп өтуді әдетке айналдырған.  Мектепте қанша жиын өткізіп, ата-аналар мен оқушыларға ескерту жүргізілгенімен, нәтиже жоқ. Сондықтан сол маңды қоршап не көпір салып, күзетші, камера қойып, әйтеуір бір амалын жасаған жөн.  

Жиын соңында көлік прокуратурасы өкілдері тоқсан сайын осындай жиын өткізіп, теміржолшылармен ашық диалог орнатуға, сол арқылы  темір жол обьектілерінде құқық бұзушылықтың алдын алуға мүдделі екендіктерін жеткізді.    

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды