Ақмола облысында автомобиль жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған қызыл белгісіне және шлагбаумның жабылғанына қарамастан теміржол өткеліне шығып кеткен, соның салдарынан пойызбен соқтығысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Осы жылдың 20 ақпаны сағат 6.45-те Ақмола облысының Бурабай - Шортанды учаскесінде автомобиль жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған қызыл белгісіне және шлагбаумның жабылғанына қарамастан теміржол өткеліне шығып кеткен. Орын алған төтенше жағдай салдарынан құрбан болғандар бар.
Өткелдегі белгі беру құрылғысы дұрыс жұмыс істеп тұрған, кезекші сол жерде болды.
ҚТЖ автокөлік жүргізушілерін теміржол өткелдері арқылы өту кезінде мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.