ҚТЖ-да өндірістік жарақат алу 40%-ға төмендеген

Қауіпсіздік
21.02.2023, 10:16
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан теміржолында былтыр 2021 жылмен салыстырғанда өндірістік жарақат алу дерегі 40 пайызға төмендеп, жұмысқа уақытша жарамсыздық деңгейі 20 пайыз азайды. Қайғылы жағдайлар салдарынан мүгедек болып қалу фактісі алдыңғы жылы 7 рет болса, өткен жылы мүлде тіркелмеді.

Бұған соңғы үш жылдан бері компанияда жүргізіліп жатқан жүйелі ірі жобалардың арқасында қол жетіп отыр. Темір жолдағы қауіпсіз еңбек жағдайы, жарақат алуды болдырмау, т.б. мәселелер туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев «Магистраль» сарапшылық форумында берген сұхбатында айтты.  

– Өткен жыл «Самұрық Қазына» АҚ портфелді компаниялары арасында «Жарақат алуға жол бермеу жылы» болып жарияланды. 2019 жылы біздің компания Бүкіләлемдік Zero vision тұжырымдамасына қосылды. Осы аралықта көптеген шаруа тындырылды. Басты мақсат – нөлдік жарақат алу деңгейіне жету. Соған қол жеткізу үшін алдымызға міндет қойдық, теміржолшылардың қауіпсіздік мәдениеті деңгейін көтеруге кірістік. Әрине адам өліміне әкелетін қайғылы жағдайларды толық жоя алмадық, дегенмен 2021 жылы 12 адам өндірісте көз жұмса, былтыр 5 адам қайтыс болды. Осы ретте айтарым – еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге екі жақтың да жауапкершілігі керек. Алдымен жұмыс беруші тарапынан, екіншіден жұмысшы тарапынан. Екі тарап та заңда, салалық стандарттарда жазылған талаптарды орындауы тиіс, – деді бас инженер.  

Сонымен қатар 3 жылдан бері енгізілген «Өндірістік қауіпсіздіктің біріктірілген жүйесі» платформасы да өз нәтижесін беруде екен. Оның аудиториясы – теміржолшылар, барлық деңгейдегі басшылар. 2023 жылы осы платформаға өзге серіктестерді де біріктіру көзделуде. Осы жоба арқылы басшылықтың рұқсатымен әрбір қызметкерге қауіпті жұмысты тоқтатуға құқық берілген. Егер белгілі бір жағдай оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, жұмысын тоқтата алады. Бұл ретте жұмысшы аталған платформа қосымшасы жүктелген өзінің ұялы телефоны арқылы немесе диспетчер арқылы стационарлық компьютерде осы жағдайды тіркейді. Аталған платформаға компанияның 100 мыңнан астам қызметкері тіркелген.  

– Осылайша жұмысшы өз өмірі мен денсаулығын сақтап қалады. Бұл ретте жұмыс беруші жұмысшыны қудаламауға, тергеуге алмауға, жазаламауға кепілдік береді. Керісінше сол үшін марапаттаймыз. Осымен үшінші жыл компанияда ішкі конкурс өткізудеміз. Қауіпсіздіктің іс-қимыл диалогы әрбір қызметкердің қауіпті еңбек жағдайын анықтап, соны платформада тіркеуіне құқық береді. Ай сайын жеңімпаздар анықталып отырады. Оларға 20 АЕК дейін сыйақы төленеді. Жыл соңында барлық турдан өткен жеңімпазға ең үлкен премия – 3 млн теңге беріледі, – дейді Б.Котырев.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті