Ақтөбедегі пойыз апатының себебі анықталуда

Қауіпсіздік
07.03.2023, 09:34
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жексенбі күні Ақтөбе өңіріне қарасты Бершүгір станциясында маневрлік локомотив «Бішкек-Самара» пойызымен соғысып, оқыс жағдай орын алды.

Халықаралық бағыттағы пойыз вагондары рельстен шығып кетіп, алты сағатқа жуық кідірді. Станцияда пойыз жолаушыларына ыстық тамақ ұйымдастырылып, олар басқа құраммен аттанып кеткенше жағдай жасалды.  

«Оқыс оқиға 5 наурыз күні сағат 10:20-да тіркелді. №317 жолаушылар пойызының тепловозы және 1 және 2-вагондарының үш доңғалақты жұбы рельстен шығып кетті. Оқиға орнына Қазавиақұтқару тікұшағы мен қалпына келтіру пойыздары шұғыл жетті», – деп хабарлады өңірдегі төтенше жағдай департаменті.  

Рельстен шығып кеткен пойызда 200-ден астам жолаушы болды. Оның ішінде Қырғызстан, РФ және Қазақстан азаматтары бар. Жолаушыларды дәрігерлер қарап шықты, зардап шеккен жоқ. Жергілікті әкімдіктің ұйымдастыруымен ауыл азаматтары теміржол бойына қазан-ошақ қойып, жолаушыларға ыстық тамақ дайындап үлестірді. ТЖД-нің хабарлауынша, Бішкек – Самара бағытындағы пойыз сағат 16:05-те қайта қозғалған.  

Апатты оқиға Қандыағаш станциясындағы Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай реестріне алынды. Іс Қылмыстық Кодекстің 344-бабы 1-бөлігімен қозғалды, яғни теміржол көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша тіркелді. Апаттың себеп-салдарын арнайы комиссия анықтайтын болады.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды