Өткелдерге бейнекамера орнатылуда

Қауіпсіздік
10.03.2023, 09:22
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы филиалы «Интер Трейд Систем» ЖШС-мен көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережесін жиі бұзатын теміржол өткелдеріне 10 аппараттық-бағдарламалық «Бүркіт» жиынтығын орнатуға қатысты келісім жасады.

Талдау деректеріне сүйенсек, өткелдерде апаттық жағдайлар негізінен автокөлік жүргізушілерінің кінәсінен орын алады. Сондықтан теміржолшылар тарапынан 54 теміржол өткеліне тексеру жүргізіліп, нәтижесінде видеофиксатор орнату кезек күттірмейтін 10 өткел анықталған.  

– Желтоқсан айында Астана станциясының екі өткелі пилоттық режимде бейнебақылау камераларымен жабдықталды. Қаңтар айында екі камера Жаңа-Қарағанды – Майқұдық аралығына және Қарағанөзек станциясының өткеліне орнатылды. Ал ақпан айында пойыздар ағыны толассыз жүріп жататын Алматы магистральдық желі бөлімшесінің Ақсеңгір – Шамалған, Байсерке – Жетісу, Ақсеңгір – Бурундай және Байсерке станциясына да аталған құрылғылар орнатылды. Сондай-ақ Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі аумағындағы қауіпті өткелге де қойылыпты. Барлығы төрт өңір бойынша 9 өткелге су жаңа бейнекамералар орнатылған. Бірінші тоқсанның соңына дейін Семей магистральдық желі дирекциясының жол аралықтарына да ереже бұзушылықтарды тіркейтін құрылғыларды орнату жоспарланып отыр, – дейді Магистральдық желі дирекциясының қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Бахытбек Алдажаров.  

Бахытбек Мұқашұлының айтуынша, аппараттық-бағдарламалық жиынтықты сынақтан өткізу барысында ағымдағы жылдың 1-24 ақпан аралығында 528 614 автокөліктің өткені тіркелген. Оның ішінде 10 068 автокөлік жүргізушісі өткелде бағдаршам тыйым салған белгіге және «тоқта» сызығынан асып өтіп, қозғалыс қауіпсіздігі ережесін өрескел бұзғаны белгілі болып отыр.  

– Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі басты мәселе. Күзетілетін және күзетілмейтін теміржол өткелдерінде жол қозғалысы ережесін қатаң ұстану ескертіледі. Биылғы екі ай ішінде еліміз бойынша 6 жол-көлік оқиғасы орын алды. Өткелдерге бейнекамера орнатылуы ереже бұзған көлік жүргізушілерді анықтап, оларға қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз, – дейді дирекция өкілі.  

Қазір «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен мемлекеттік орган – Теміржол көлігіндегі ішкі істер департаменті темір жол бойында және өткелдерінде болып жататын оқыс оқиғалардың алдын алу үшін күш біріктіріп, бірлесе жұмыс істеуде. ҚР ИИДМ мен ҚР ІІМ арасында 2022-2026 жылдарға арналған Жол картасы жасалған. Ал өткен айда Ұлттық компания басшылары мен теміржол көлігіндегі ішкі істер департаменті өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген жиын өтіп, онда қозғалыс қауіпсіздігін бұзып, жол-көлік оқиғаларын жасаған, темір жолда белгіленбеген жерден кесіп өтіп, теміржол белдеуінде мал баққан кінәлі тұлғаларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту мақсатында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің айыппұлдарды ұлғайту бөлігіне өзгерістер енгізу туралы мәселені қарауға ұсыныс жасалғаны айтылды.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл