Сырдан төнген қауіп қандай?

Қауіпсіздік
10.03.2023, 09:38
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Осы аптада Сырдария өзенінде құрысқан мұз ерте еріп, өзен суы жылдағы деңгейінен тез көтеріліп, дарияның тасу қаупіне байланысты дабыл қағылуда. Теміржол саласына оның әсері қандай, қауіп-қатер бар ма?

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің жетекші инженері Мейіржан Жүнісов Сырдария өзенінің жағдайы тәулік бойы бақылауға алынғанын жеткізді. Айтуынша, еріген қар суы мен көктемгі жауын-шашынның пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуі үшін дайындық жұмыстары белгіленген кесте бойынша жүргізіліп жатыр екен.  

– Компания басшылығының №957-ЦЗ бұйрығына сәйкес Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының №5 бұйрығы шығарылып, арнайы мамандардан жасақталған комиссия құрылды. Сол комиссияның іс-жоспарына орай жол бойын көктемгі тасқын судың шайып кетуінің алдын алу жұмыстарына дайындық тұрақты жүргізілуде. Аймақта тосын жағдай орын ала қалған жағдайда жұмылдырылатын үш пойыз жасақталған. Теміржол бойындағы қауіпті аймаққа бақылау жасау тәжірибелі теміржолшылардан жасақталған бригадаға жүктелген, олар кезекшілік жасауда, – деді жол бөлімінің жетекші инженері Мейіржан Жүнісов.  

Арнайы құрылған бақылау комиссиясының мүшелері Сырдария өзеніне жанжақтан құйылып жатқан су мөлшерін жіті қадағалап отыр. Мәселен, 9 наурыз күнгі мәлімет бойынша Шардара су қоймасынан секундына 800 м/сек, Көксарайдан 800 м/сек су өткізіліп, Тасбөгеттегі Қызылорда су торабына 778 м/сек су құйылып жатқандығы белгілі болды. Сонымен қатар қауіпті аймақ саналатын Жосалы – Анакөл, Анакөл – Қызылтам және Қызылорда – Қаракеткен учаскелеріндегі жасанды құрылыстар, теміржол асты көпірлері мен су өткізу құбырлары толық тазаланып, дрезиналармен, автотехникамен, байланыс құрылғыларымен жарақталған дистанция жолшылары кезекшілік атқаруда.  

Қазіргі таңда Сырдария өзеніндегі еріген мұзды ағын жылжып Қармақшы ауданының шекарасына жеткен. Жылжыған мұздақты теміржолшылармен қатар ТЖМ облыстық штабының қызметкерлері де бақылап, өзен суы арнасынан асып кетпеуін қадағалап отыр.  

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды