Атырауда темір жол бойымен қозғалыс қалыпты жүріп жатыр

Қауіпсіздік
14.03.2023, 09:58
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда өңірдегі Қызылқоға ауданында су тасқыны Миялы-Жангелдин тас жолын шайып кеткені туралы хабар тарады. Ол темір жолға қауіпті аймақ болып саналмаса да жергілікті теміржолшылар бақылауды күшейтті.

«Миялы елді мекені Сағыздан 100 шақырым қашықта. Ол жақта темір жол жоқ. Сондықтан темір жолға қауіп жоқ. Пойыздар тоқтаған жоқ, темір жол бойымен қозғалыс қалыпты жүріп жатыр», – дейді Сағыз станциясының бастығы Нұрбол Дүйсенбаев.  

Рас, еріген қар суы Миялы ауылына қауіп төндіргендіктен, жергілікті билік жолды екіге жарып, суды осылай өткізуге мәжбүр болды. Миялы ауылы маңындағы тасқын су деңгейін төмендету мақсатында 11 наурыз күні сағат 04.30-да Миялы және Жангелдин елді мекендері арасындағы жолдың бір бөлігі арнайы техниканың көмегімен ашылған. Нәтижесінде ауыл маңындағы су деңгейі төмендеп, тасқын судың негізгі бөлігі Жарыпшыққан өзенінің арнасымен ағып кетті. Осылайша елді мекенді су басудың алдын алуға мүмкіндік туды. Қазір барлық қауіпті учаскелерде, соның ішінде темір жол мекемелерінде де тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.  

Жылыой ауданында да Жем өзенінің су басу мүмкіндігі зор аймаққа Тұрғызба, Шоқпартоғай ауылдары мен Құлсары қаласы жəне Құрсай өзегі жатады. Су басуы ықтимал аймақтарға автокөлік тас жолдары жəне теміржолдар кіреді. Жалпы, облыс аумағында 31 гидротехникалық құрылыс орналасқан. Оның үшеуі су реттеу шлюзі, «Ералы» су торабы, 20 суару-суландыру жүйесі мен жеті судан қорғау бөгеті бар. Су реттеу шлюздерінің техникалық жай-күйі қалыпты, жұмыс жағдайында дейді мамандар. Су торабы негізінен көктемгі өр суларын сақтаудан гөрі, қатты келген судың екпінін бəсеңдетіп, өткізу-тарату мақсатында қолданылады. Сондықтан Құлсары арқылы өтетін темір жолдар жіті бақылауда.

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды