Лаңкестікке жол жоқ

Қауіпсіздік
07.04.2023, 12:13
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Тараз вокзалында өткен «Найза-Терроризмге қарсы – 2023» бірлескен тактикалық оқу-жаттығуға вокзал шаруашылығы, желілік полиция бөлімі, жеке күзет агенттіктерінің өкілдері қатысты.

– Темір жол – стратегиялық нысан. Сондықтан мұндай шараның басымдығы жоғары. Қылмыстық ниеттегі немесе террорлық әрекетке баратын арам ниетті адамның не ойлағанын білмейсің. Оны дер кезінде танып, жедел шаралар қолданбасаң соңы жақсылыққа апармайды. Сондықтан халық көп шоғырланған вокзал сынды стратегиялық күзетілетін нысандарға террористік топтардың кіруіне жол бермеу үшін жедел іс-шараларын ұйымдастыру салаға жауапты мамандар үшін өте маңызды. Биыл вокзалда екі оқиға тіркелді. Біздің қызметкерлердің біліктілігі арқасында келеңсіздіктің алдын алу мүмкін болды, – дейді Тараз станциясы корпоративтік қауіпсіздік қызметінің терроризмге қарсы қорғаныс бөлімінің бас маманы Данияр Ташметов.  

Өткізілген оқу-жаттығу шараларына жоғары баға берген ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы басшылығы белсенді кәсіби қимылдары мен террористік қатерге жол бермегені үшін Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Бейбіт Садықбеков, вокзал бастығы Дидар Мүсіретәлиев, инженер Абзал Егембердиев, ЖПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Аслан Дүйсембаев, полиция подполковнигі Асқат Кулибаев және «KZ Protection Grop» ЖШС өкілдеріне алғыс білдірді.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл