Вокзал жолаушылары қауіпсіз аймаққа көшірілді

Қауіпсіздік
11.04.2023, 11:51
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Шалқар темір жол вокзалында «Ғимараттағы өртті сөндіру және адамдарды көшіру» тақырыбында өрт-тактикалық сабағы өтті.

№7 өрт сөндіру мекемесінің қатысуымен өткен шарада өрт сөндірушілер алдымен ғимараттың анықтама бөлігінде шартты түрде шыққан өртті сөндіруге ұмтылды. Түтін тез таралып, көшіру жолдарын жауып тастады. Вокзал қызметкерлері жолаушыларды сабырға шақырып, көмектің келуін күту тәсілін үйретті. Жолаушылармен бірге еденге жатып, қауіпсіз жолмен жүру жолдары көрсетілді. Құтқарушылар көпшілікке үрейге бой алдырмай сабырлы қимылдап, түтін мен иіс мейлінше аз болатын жолмен, яғни ғимараттың астыңғы бөлігімен жүру қажеттігін түсіндіріп, еденде еңбектеп жүру арқылы бір ізбен сыртқа алып шықты.

Өрт-тактикалық сабақтың негізгі мақсаты да осы – қауіп-қатер төнгенде вокзал қызметкерлері мен жолаушыларды қауіпсіз аймаққа көшіру. Өрт сөндірушілер құтқарылған адамдарға жедел түрде алғашқы көмек көрсетті. Іс-шара жоспарына сәйкес өрт туындаған жағдайда жеке құрамның іс-қимылы, қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауы мен алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалануы тәжірибелік әдістемелік ретінде көрсетілді.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды