Қауіптің алдын алғандар марапатталды

Қауіпсіздік
14.04.2023, 10:15
Cуретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің қатысуымен қозғалыс қауіпсіздігіне төнген қатердің алдын алған теміржолшыларды марапаттау рәсімі өтті. Бас жүлде локомотив шаруашылығының маманы Алмас Гимадиевке берілді.

Марапаттау салтанатында сөз алған Қанат Әлмағамбетов компания тарапынан жүргізіліп жатқан еңбек қорғау және қауіпсіздік шаралары ең алдымен қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталып отырғанын, мақсат ұжымдарда қолайлы жұмыс жағдайын қалыптастырып, жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы жұмыс тиімділігін арттыру екенін атап өтті.  

– 2022 жылдың қорытындысы бойынша аса қауіпті жағдайлардың алдын алған компанияның 400-ге жуық қызметкері 18 млн теңге көлемінде сыйақымен марапатталды. Бас жүлде иесіне отбасымен шетелде демалуға мүмкіндік беретін 4 млн теңгелік жолдама беріліп отыр. Біз жұмысшыларға еңбек жағдайын жасамаған басшыларды және еңбек қауіпсіздігін бұзғандарды жазалап қана қоймаймыз, қолайлы жұмыс жағдайын жасап, қауіпті жағдайлардың алдын алған теміржолшыларды ынталандырамыз, білім-біліктілігін көтереміз. Өткен жылы Компанияның 275 қызметкері қауіпсіз еңбек жағдайында жұмыс істеу, еңбек қорғау тақырыптары бойынша білімдерін жетілдірді. Мақсат – өндірістік жарақаттануды, адам шығынын, мүгедектікке әкелетін жағдайларды жүз пайызға дейін төмендету. Өкінішке орай, былтыр біз өндірісте 5 адамымызды жоғалттық, биыл да үш оқиға тіркеліп отыр. Еңбек қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ең алдымен бірінші басшылар жауапты, – деді Қанат Есмұханұлы.  

2022 жылдың жұмыс қорытындысына тоқталған Компания бас инженері Батыр Котырев өткен жыл жарақаттану жағдайында жайсыз болғанымен, ілгерілеушілік бар екенін жеткізді. Мәселен, жарақаттану деңгейінің, яғни Компаниядағы өндірістік процестер қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіші LTIFR (жұмыс уақытын жоғалтуымен бірге тіркелген оқиғалардың жиілік коэффициенті) жалпы Компания бойынша 0,25 шекті мәнінде 0,20 құраған. Бұл өндірістік жарақаттану көрсеткішіне қатысты жағдайдың әжептәуір жақсарғанын білдіреді.  

– Әрбір жарақаттану оқиғасы егжей-тегжейлі зерттеліп, түпкі себептері анықталды, бұл операциялық сипаттамамен қатар орта мерзімді түзету шараларының жиынтығын түзуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жыл қауіпсіздік деңгейінің басқа көрсеткішін көрсетеді деген үміттеміз. Оған алғышарттар да жоқ емес, – деді Батыр Қуанышұлы.  

«Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев еңбек қорғау және қауіпсіздік мәселесі кәсіподақ ұйымдарының үнемі назарында екенін, бұл мәселе Еңбек Кодексімен де қорғалғанын айта келіп, өндірістік кеңес бекіткен еңбек инспекторлары қазір барлық бөлімше, филиалдарда жұмыс істеп жатқанын алға тартты.  

Айта кетейік, бас жүлде – құны 4 000 000 теңге тұратын шетелге жолдама сертификатына ие болған Алмас Гимадиев осыған дейін Екібастұз локомотив пайдалану депосында бас шебер болып еңбек еткен, жыл бойы 35 аса қауіпті жағдайды тіркеп, апаттың алдын алған. Сауатты маман биылғы қаңтардан бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотивтердің жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру департаментінің менеджері болып қызмет ауыстырған. Кеңесте сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымдары мен өңірлік филиалдарында еңбек ететін, аса қауіпті жағдайлардың алдын алған теміржолшылар Құрмет грамотасымен қатар 8 АЕК мөлшерінде сыйақымен марапатталды.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл