2022 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да рационализаторлар саны 10% өсті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

745 теміржолшы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құрылғылардың сенімділігін арттыруға, еңбек жағдайларын жақсартуға, технологиялық процестерді жетілдіруге, отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеуге бағытталған жаңашылдық идеяларын ұсынды.

Барлығы 687  рационализаторлық ұсыныс енгізіліп, оның 33-і компаниялар тобының 96 желілік филиалында таратылды.

ҚТЖ-дағы рационализаторлық ұсыныстардың экономикалық әсері 198 млн теңгеден асты.