Қауіпсіз де қуатты өндірістік орта құрамыз

Қауіпсіздік
28.04.2023, 10:14
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай «Қазкөліккәсіп» ҚБ теміржол саласындағы кәсіподақ ұйымдарына арнап «Қауіпсіз еңбекті қолдайтын кәсіподақ» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінен бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері мен техникалық инспекторлар қатысты.

Алғаш рет еңбек қорғау күні ресми түрде 2003 жылы ғана атап өтілді. Қазір бұл маңызды күн 100-ден астам елде, соның ішінде Қазақстанда маңызды күндер тізіміне енген. Атаулы күннің ұраны жыл сайын өзгеріп отырады. Әлем бойынша Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің биылғы тақырыбы – қауіпсіз де қуатты өндірістік орта құру.  

Жиынды ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов сөз сөйлеп ашып, көпшілік назарын Дүниежүзілік еңбек қорғау күнінің биылғы тақырыбына аударды. Өндіріс орындарында қауіпсіз де жайлы жұмыс ортасын құруға шақырып, бұл орайда кәсіподақтар рөліне тоқталды.  

Елордадағы кәсіпорындарда өндірістік жарақат алу мәселесі бойынша Астана қаласы Кәсіподақтары орталығының төрағасы Төлеген Құнәділов, ал теміржолдағы ахуал жайында «Қазкәсіпкөлік» ҚБ Астана темір жол торабы төрағасы Серік Сәрсекеев баяндама жасады. Сонымен қатар арнайы шақырылған қонақ – ҚР Кәсіподақтары федерациясы еңбек қорғау және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлім бастығы Марат Имаш әріптестеріне салада қызметкерлердің құқығын қорғау бойынша көптеген өзекті мәселелердің жөн-жосығын түсіндірді. Қатысушылардың айтуынша, дүние жүзінде күн сайын 6 мыңнан астам адам жұмыс орнындағы қайғылы жағдайлар мен кәсіби аурулардан қайтыс болса, жылына ол 2 млн 300 мыңға жуық адамды құрайды екен.

– ҚТЖ-да жыл сайын осы күнге орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. 2019 жылдан бері компания Халықаралық әлеуметтік қамтамасыз ету қауымдастығына мүше болып, «Vision Zero» - «Нольдік жарақаттану» концепсиясын қолдайды. Қазірге таңда компания «Өндірістік қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасын іске асыруда. Осы орайда «Қауіпсіздіктің іс-әрекет диалогтары» мобильді қосымшасы жобасы «Өндірістік қауіпсіздік» автоматтық жүйесіне сәйкестендіріліп, іске қосылды. Бұл жобаның мақсаты - «нөлдік жарақаттану» деңгейіне қол жеткізу. Осы орайда «Өндірістік қауіпсіздік» автоматтық жүйесі платформасына кез келген жұмысшы тіркеліп, қауіпті жағдайда жұмысты тоқтату құқығымен қосыла алады. Компания жыл сайын бұл жұмысты қортындылай келе, ең белсенді жұмыскерлер арасынан жеңімпаздарды анықтайды. 2022 жыл бойынша биыл 13 сәуірде қорытынды жасалып, Екібастұз локомотив пайдалану депосының аға шебері Алмас Гимадиев жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, кәсіподақтың ұсынысымен Ұжымдық шартқа техникалық инспекторларға жылдағы ақылы еңбек демалысына 3 күндік қосымша қосылған, – деді С. Сәрсекеев.  

Жиынға қатысқан Атбасар жол дистанциясы кәсіподағының төрайымы Ботагөз Сарбаева бүгінгі басқосу барысында өз қызметіне қатысты көптеген сауалдарға жауап алғанын айтты.  

– Дистанцияның 600 қызметкері кәсіподаққа толық мүше. Жұмыс барысында техникалық жарақтандыру бойынша сұрақтар өте көп кездеседі. Сонымен қатар кәсіби ауруларға қатысты да мәселелер өте өзекті. Соның бәріне қатысты кәсіподақ басшысы қалай әрекет етуі керектігі бүгінгі семинарда жан-жақты сөз болды, – дейді ол.  

– Қауіпсіз де қуатты өңдірістік орта құру және оған кәсіподақтар ықпалы туралы бастаманы қолдаймыз. Біз үшін – тікелей қауіп-қатері басым өндірісте еңбек ететін теміржолшылар үшін бұл өте маңызды мәселе. Қазақстан темір жолы компаниясы еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор күш жұмсап, қаражат бөліп отыр. Ендеше, қауіпсіз де салауатты жұмыс ортасын құрауға баршамыз атсалысайық, – деді бірауыздан жиынға қатысушылар.  

Семинар барысында қатысушыларға кәсіподақ жұмысын жетілдіру және соңғы ережелер мен нұсқаулықтар туралы ақпараттар таратылып, сондай-ақ арнайы сертификаттар табыс етілді.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті