Қызмет барысында опат болған теміржолшылардың рухына дұға бағышталды

Қауіпсіздік
28.04.2023, 18:49
Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай бейнеулік теміржолшылар өндірістік жарақат алып, дүниеден өткен әріптесінің үйіне барды. Отбасының хал-жағдайымен танысып, атаулы күнде жанұясының көңіл-күйін көтеріп қайтты.

  Бейнеу станциясының бастығы Есет Хайруллин мен цехтық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ұлдай Жұмаханова бастаған теміржолшылар кезінде осы станцияда пойыз құрастырушы болып еңбек еткен Қамбар Берденовтың шаңырағында болды. Бүгінде арамызда жоқ марқұм әріптесінің рухына дұға бағыштап, аз да болса балаларына атаған сый-сияпатын табыстады.

Жалпы, Бейнеу станциясы бұл күнге орай бірнеше іс-шараның ұйытқысы болды. Станция бастығының төрағалығымен жиналыс өтіп, басқосуға елу шақты теміржолшы қатысты. «Ең  үздік санитарлық тамақтану бөлмесі» аталымы бойынша байқау ұйымдастырылып, үздік деп танылған бөлмені баптап отырған қызметкерлер кәсіподақ ұйымының атынан сыйлыққа ие болды. 

– Еңбекті қорғау күнін атап өтуге балапандарымыз да атсалысты. Олар еңбекті қорғау  тақырыбына  «Есіңде  болсын, олар сені үйде күтеді!», «Ата – анам  қауіпсіз жұмыс жасайды»  атты балалар сурет байқауына қатысып, өз қиялы шеңберінде қауіпсіздіктің сақталуына тамшыдай болса да үлесін қосты. Еңбектерін көріп ата-аналар да риза, сыйлықтарын алып балақайлар да қуанышты, – дейді Бейнеу станциясының еңбек қорғау инженері Гүлшара Мұхтарова.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды