Оқушыларға кәсіптік бағдар берілді

Қауіпсіздік
05.05.2023, 09:40
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясы мектеп оқушыларына арнап «Ашық есік» күнін өткізді.

Дистанция бас инженері Азамат Жансариев оқушыларды заманауи жабдықтармен жабдықталған Теңдік станциясының жұмысымен таныстырды. Оқушылар пойыздарды қабылдап-жөнелту, жүк және жолаушы пойыздарының айырмашылығы, белгі беру мен байланыс құрылғыларының, бағдаршам, бағыттамалы бұрмалардың жұмысы, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, темір жол арқылы тек рұқсат етілген жерлерден, аспалы көпірлерден өту сынды жайттардан хабардар болды.  

Станция еңбек қорғау инженері Г.Тоқсанбаева қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, оқушылар бейнероликтер арқылы темір жолда болатын апатты жағдайларды көзбен көрді. Мектептің еңбек пәні мұғалімі Жанат Мусағалиеваның айтуынша, бүгінгі келіп отырған 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беріліп отырады. Соның ішінде теміржолшы мамандығына қызығушылығы бар оқушылар іріктеп алынып, олардың болашақ мамандығын таңдауына мүмкіндік жасалып отыр. Айта кетерлігі, ҰБТ тапсырудың қиындығы мен машақатынан қашып, 9-сыныптан соң колледжге түсіп, мамандық алуды қалайтын оқушылар аз емес. Сондықтан олар үшін бұл нағыз тәжірибе болмақ.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды