Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясы ұжымы Сенім сертификатына ие болды

Қауіпсіздік
12.05.2023, 10:58
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесінде өткен жиында Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай бірқатар мекемелер мен жекелеген теміржолшылар марапатталды.

Олардың бәрі де өндірісте жазатайым оқиғалардың алдын алып, қауіпсіздік шараларының сақталуына үлес қосқандар. Барлық құрылымдық бөлімдердің еңбек қорғау инженерлері мен бөлім басшылары қатысқан жиында 30 жыл өндірістік жарақатсыз жұмыс істеп және қауіпсіздік талаптарын бұлжытпай орындағаны үшін Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясы ұжымы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Н.Сауранбаевтың Сенім сертификатымен марапатталады. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері – Техникалық саясат департаментінің директоры Батыр Котыревтің Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша 2-ші санатты Сенім сертификатымен Атырау белгі беру және байланыс дистанциясы ұжымы, 3-ші санатты Сенім сертификатымен Атырау жол дистанциясы ұжымы марапатталады.  

2022 жылдың қорытындысы бойынша үздік «Еңбек қорғау бұрышы» номинациясын Ақжайық өрт сөндіру пойызы ұжымы, «Үздік ас бөлмесі» номинациясын Мақат вокзалы жеңіп алды. Бірқатар мамандар бөлімше басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл