Теміржолдағы жүк қауіпсіздігі сенімді қолда

Қауіпсіздік
12.05.2023, 11:12
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Батылдық, қырағылық пен шапшаңдықты меңгерген теміржолдың әскерилендірілген күзет қызметінің сарбаздары – болат жолдың бойындағы қауіпсіздік сақшылары. «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Ақтөбе филиалының ұжымы шекаралық өткелдің үш мемлекетаралық станциясын бақылайды.

Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тиісті нүктесіне мүлтіксіз жеткізілуін ұйымдастырып отырған теміржол әскерилерінің қызметі тәулік бойы жүреді. Озинки, Илецк, Орск станцияларындағы шекаралық өткелдер Ақтөбе филиалының бақылау аумағына кіреді. Сондай-ақ Атырау, Түркістан және Қостанай филиалымен 4 ішкі түйіспедегі пойыздар қозғалысын бақылау да ақтөбелік сарбаздар міндеті. Қызмет көрсету учаскесінің жалпы ұзындығы 2040 км құрайды.  

«Қазақстанда ең дамыған көлік түрі болғандықтан жүк тасымалының дені темір жол арқылы ұйымдастырылады. Бір ғасырлық тарихы бар Әскерилендірген теміржол күзеті ел аумағында тасымалданатын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жүк құрамдарын, мейлі ол контейнерлер, мұнай құйылған цистерналар немесе астық тасымалдайтын вагондар болсын, шекаралық өткелде қабылдап алғаннан келесі бөлімшенің шекарасына дейін ілеспе күзетпен алып барамыз, кері қарай да солай, жүкті шекарадан өткізгенше бүтін

тапсыруымыз керек, Ақтөбе филиалының айырмашылығы – Еуропа-Азияның қиылысқан жерінде, қақпасында тұр», – деді Ақтөбе әскерилендірілген теміржол күзеті филиалының басшысы Сарыбай Сәрсенов.  

Филиалдың құрылымы 7 атқыштар командасы мен 2 атқыштар тобынан тұрады. Шалқар, Жем, Қандыағаш, Никельтау, Ақтөбе, Орал, Илецк станцияларындағы атқыштар командалары, Шұбарқұдық, Әйтеке би станцияларындағы атқыштар топтары бар. Сонымен қатар жедел әрекет ететін оңтайлы топ бар. Олар теміржол көлігінде ұрлық пен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жедел-профилактикалық жұмысты жүзеге асырады.  

Филиал басшысының айтуынша, олардың қызметінде де теміржол көлігіндегі нұсқамалар басшылыққа алынады. Қызметкерлердің жеке бас қауіпсіздігіне аса мән беріледі. Нұсқаулықтарды қатаң сақтаудың арқасында филиалда бүгінгі күнге дейін қайғылы жағдай болған емес. Өндірістік жарақаттану мен жазатайым оқиғаларға жол берілмеді.  

Күзет қызметінде жиі кезігетін қиындықтар да жоқ емес.  

«Әсіресе тастанды пойыз мәселесі қиындық туғызады. Тепловоз жетпеу, парктердің қабылдау мүмкіндігі жоқ кезде жылжымалы құрамдар шалғай разъездер мен тұйықтарға қойылады. Ондай жүктерді апталап күзететін жағдайлар болды. Қысты күні аязда, жазда аптап ыстықта жүк тиелген вагондар қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Осы кезге дейін ұрлық-қарлықты болдырмай, сайыпқыран жігіттеріміздің арқасында өз міндетімізді адал атқарып келдік, қысқасы, жүк қауіпсіздігі сенімді қолда деп айта аламыз», – дейді филиал басшысы.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда