Жамбылдық теміржолшылар ТЖ кезіндегі дайындықтарын пысықтады

Қауіпсіздік
15.05.2023, 10:59
Суреттерді түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбыл жүк тасымалы мен Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде төтенше жағдай орын алғанда, мысалы жер сілкінгенде, өрт болғанда, т.т. қызметкерлердің қандай әрекеттер, іс-қимылдар жасау керектігі жөніндегі білімдерін пысықтау мақсатында сейсможаттығу өтті.

«Дабыл» қағылған сағат 11.00-де әкімшілік қызметкерлері түгелдей төтенше жағдай кезінде қолданатын баспалдақтар арқылы сыртқа шықты. Эвакуациялау небәрі 10-15 минутта аяқталып, барлығы залалсыздандырылды. Азаматтардың шоғыры әкімшілік ғимараттың алдындағы автокөлік тұрағына жиналды. Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтар мен ғимарат арасын қоршау-бақылауды өз қолдарына алды.  

Жамбыл бөлімшесінің директоры Молдахмет Қожабеков қызметкерлерге төтенше жағдай орын алғанда азаматтардың өзін-өзі қалай ұстау керектігі және қалай қорғану керектігін түсіндірсе, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Сұлтан Борамбаев жер сілкінген жағдайда қандай қауіптер қайғылы жағдайға алып келетінін түсіндірді. Ал Жамбыл облыстық төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету, іште қалған азаматтарды қауіпсіз жерге жеткізу жаттығуларын өткізді. Жаттығу шарасы қанағаттанарлық деп бағаланды.

Осындай оқу-жаттығу шаралары Тараз вокзалында да өтті. Нысан стратегиялық болғандықтан мұнда төтенше жағдай және террористік қауіп, табиғи-техногендік сипаттағы жағдай, жер сілкінісі, өрт, су тасқыны кезінде вокзал қызметкерлері мен жолаушылардың қалай әрекет ету керектігі пысықталды.

– Оқу-жаттығу кезінде вокзал қызметкерлері, Желілік полиция бөлімі қызметкерлері де өз дайындықтарының жоғары екенін көрсетті, – дейді Тараз станциясындағы террористік қорғау бөлімінің бас маманы Данияр Ташметов.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл