Өрт сөндірушілер дайындықтарын пысықтады

Қауіпсіздік
18.05.2023, 11:09
Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қызылорда өрт сөндіру пойызының ұжымы оқу-жаттығу өткізді.  

«Жолаушылар пойызы вагонындағы имитацияланған өртті өшіру» тақырыбында өткен жаттығуда өздерінің нағыз өрт сөндіруші екенін дәлелдей білген теміржолшылар өрт жалынын 23 минуттың ішінде өшіріп, кәсіби шеберліктерін байқатты. Әбжіл қимылдайтын, анық әрі дұрыс шешім қабылдап тосын жағдайды толық ауыздықтай білген әріптестерінің әрекетіне тәнті болған пойыз басшысы Рысбек Шадаев оқу-жаттығу талабының толық орындалғанын айтты.

Вагон тұрағында өткізілген жаттығуға барлығы 93 адам қатысты. Оның ішінде Қызылорда өрт сөндіру пойызы мен жеке құрамның 17 өрт сөндірушісі, ӘТЖ күзетінің 10 сақшысы, Белкөл станциясының 5 теміржолшысы, Қызылорда локомотив пайдалану депосының 1 машинисі болса, өзгелері жергілікті төтенше жағдайлар және өрт сөндіру мекемелерінің жеке құрамдарынан. Өрт сөндіру пойызымен бірге ГУ СП АСР, АЦ-40 өрт сөндіру машинасы, Газель кезекші көлігі мен жедел жәрдем секілді 10 техника жұмылдырылған.

«Қызылорда-Семей» бағытындағы жолаушылар пойызының Белкөл станциясы сыртындағы тұраққа қойылған вагондардың бірінен өрт шыққандығы жайлы 16 сағат 29 минутта Қызылорда станциясының маневр диспетчері хабар алған. Осы хабар негізінде барлық тиісті, құзырлы органдар құлақтанып 16 сағат 30 минутта Қызылорда өрт сөндіру пойызына бұйрық беріледі. Бұйрық берілгеннен кейін өрт сөндіру пойызының ұжымы жедел жиналып, қажетті құрал саймандармен жарақтанып іске кіріседі. Өрт ошағы шыққан нүктеге дейінгі 10 шақырымдық аралықта олар тілсіз жауды қалай ауыздықтау қажеттігі жайлы инструктажын өткізіп, дайындықтарын пысықтайды. Бұл уақытта деподан арнайы тепловоз бөлініп 16 сағат 48 минутта өрт сөндіру пойызы Қызылорда станциясының 3-жолына шығарылғады.

– Өрт сөндіру бұйрығы берілгеннен бастап, өрт ошағын толық ауыздықтағанға дейінгі барлық уақыт, минут-секундына дейін есептелініп, талап негізінде орындалды. Бұл біздің өрт сөндірушілердің практикалық тұрғыдан дайын екендігін, кез келген тапсырманы уақытылы орындай алатындығын білдіреді. Белкөлде өткен оқу-жаттығуда 23 минут ішінде өрт сөндіруге қол жеткіздік, лайым мұндай тосын жағдай болмасын дейміз. Күрделі жаттығуда жан-жақты шыңдалу, іс жүзінде тәжірибені де шыңдай түседі, – деген Қызылорда өрт сөндіру пойызының басшысы Рысбек Шадаев, әріптестерінің тәуліктің кез келген сағатында тосын жайға тактикалық тұрғыдан дайын тұратындығын білдірді.

Жалпы өрт сөндірушілер осындай күтпеген жағдайларды реттеуге, тілсіз жаудың жалынын өшіріп, сөндіру үшін жұмыс жасайды. Арнайы оқу-жаттығу орындау, дағдыға машықтану жұмыстары олардың күнделікті жұмысы саналады. Жаттығу кезінде 6 текше су толы вагонға өрт сөндіру түтігін жалғау, оларды бір-бірімен шатаспайтындай қашықтықпен өрт ошағына туралап тарту, өртті сумен тұмшалап сөндіру, су шлангісін өртке тура әрі дәл бағыттай білу секілді әрекеттің барлығы өрт сөндірушінің шеберлігі мен біліктілігін көрсетеді. Теориялық тұрғыдан алған білім осындай жаттығуда шыңдалып теміржолшының тәжірибесіне айналады.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда