Қауіпті індет жұқтырған жолаушы пойыздан түсірілді (Фото)

Қауіпсіздік
26.05.2023, 11:09
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе станциясында жолаушылар пойызының вагоны ағытылып алынды. Қауіпті індет жұқтырған жолаушы арнайы операциямен оқшауланып, жедел жәрдем көлігімен инфекциялық ауруханаға жөнелтілді.  

Науқаспен байланыста болған жолсерік, пойыз басшысы және сол вагондағы жолаушылар түсірілді. Осындай сценариймен жүргізілген оқу-жаттығу  дабылмен басталып, арнайы киімдегі мамандар оқшауланған вагон маңына кезектесіп келді.  

Ақтөбе станциясына жергілікті уақытпен сағат 15-50-де жеткен №33 «Алматы-Ақтөбе» жолаушылар пойызының №7 вагонында жолаушыдан аса қауіпті және карантинді инфекциялық ауруына күдікті жағдай тіркелгендігі туралы ақпарат түсті. Науқас Үндістанның Дели қаласында болған. Алматы қаласына ұшақпен келіп, Ақтөбеге қарай пойызға отырған. Науқасқа болжам диагнозы қойылғаннан кейін облыстық инфекциялық бөлімге жіберілді.    

Әрине бұл оқу-жаттығу шарасы болғанымен, оған шынайы қарау керек. Себебі дәл осындай жағдай орын ала қалса, дұрыс әрекет ете білу маңызды. Яғни мамандар шеберлігі шыңдалады. Карантиндік ауру туындаған жағдайда бірінші болып эпидемиолог, зертханашы, инфекционист-дәрігерден құралған арнайы бригада келеді. Науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Кейін жедел жәрдем қызметінен ауруды оқшаулау группасы мен эпидемиологиялық бригада, ұлттық сараптамалық орталық мамандары кезегімен әрекет етуі тиіс.  

Жаттығудың осындай ұйымдастыру жұмыстары Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бақылауымен өтті. Оған Ақтөбе станциясы желілік полиция бөлімінің, «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» жолаушылар тасымалы аймақтық филиалының қызметкерлері қатысты.

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды